05
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Баланы дұрыс наным-сенімде тәрбиелеудің маңызы

Баланы дұрыс наным-сенімде тәрбиелеудің маңызы

Исламдағы отбасы
Жарнама

Балаларды дұрыс наным-сенімде тәрбиелеу ең алдымен олар болашақта Алла Тағаланың жазасынан құтылулары және Оның Жәннатына кірушілердің қатарынан болулары үшін қажет.

Бұл өзінің құрамына ең алдымен таухидті, яғни бірқұдайшылықты, Алла Тағалаға ешкімді теңестірмеуді, Одан басқа ешкімге дұға, нәзір, құрбан, тәуекел, қорқу сияқты басқа да құлшылық-ғибадат түрлерін арнамауды, Алладан басқа ешкімнен тілемеуді қамтиды. Яғни балаларымызға Жаратушы Алла қана құлшылық етуге лайықты екенін, әрі сондықтан да Алладан басқа әлдебіреуден, мейлі ол әруақ, мейлі пұт, мейлі жұлдыз, мейлі періште, мейлі пайғамбар болсын тілеу, сұрау ең ұлы күпірлік және Аллаға серік қосу болып табылатынын сеніміне сіңдіре біліуміз керек. Әрі сондай-ақ олармен бірге Алла Тағаланың ең көркем есімдері мен сипаттарын оқып-үйренуіміз, олардың барлығын, ешқайсысын теріске шығармай, жаратылыстарға ұқсатпай, бұрмаламай, оларға бейне-кейіп бермей растаумыз керек. Өйткені адасқан ағымдар мен секталар Аллаһ Тағаланың Ол Өзін-Өзі Қасиетті Құранда немесе оның Елшісі Мухаммад (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өзінің хадистерінде сипаттаған сипаттарын теріске шығарады, немесе олардың мағынасын бұрмалайды, немесе оларды жаратылыстарға ұқсатып жатады. Балалырымызға осыдағы тура жол ол Пайғамбарымыздың және оның сахабаларының, ұлы имамдар болған Абу Ханифа, имам әш-Шәфиғи, имам Мәлик, имам Ахмад сияқты және басқа да тура жол имамдары ұстанған жолы екенін, ал осы мәселедегі ерте заманнан кел-жатқан, адамның шектелген ақылын Құран мен Сүннетте келген мәтіндерге төреші етіп, сол ақылына сәйкес келетінін алып, сәйкес келмейтінін теріске шығарып, не бұрмалап жатқан діни пәлсапашылардың жолы мен сенімдері дұрыс емес екенін түсіндіре білуіміз керек. Алла Тағала былай деген: «Әй иман келтіргендер! Өздеріңді әрі үй-іштеріңді отыны адамдар мен тастардан болған Оттан қорғаңдар. Оның басындағы періштелер жуан денелі, қатал. Олар Аллаһтың өздеріне берген әмірлеріне қарсы келмейді. Не бұйырылса, соны орындайды» («әт-Тахрим» сүресі, 6-аят). Адам не арқылы Тозақ отынан сақтана алады? Тек бірқұдайшылық арқылы. Сондықтан да балаларға деген қамқорлығымыз ең алдымен оларды дұрыс нанымсенімде тәрбиелеуімізде көрініс табуы керек. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) және салиқалы әуелгі мұсылмандар бұл мәселеге өте үлкен маңыз беретін. Алла Тағаланың сүйіктісі болған Ибраһим (ғаләйһи-с-сәләм) Алладан ізгісалиқалы ұрпақ сұрап, былай деп дұға ететін: «Раббым, Маған салиқалы балалар бере гөр!». Ол сондай-ақ: «Уа Раббым! Мені және ұлдарымды пұттарқа құлшылық етуден аулақ ете гөр», - деп жалбарынатын. Ол тағы да былай деп дұға ететіні Құранда келген:) «Раббым, мені және ұрпақтарымды намазды толық орындаушылардан қыл, Раббымыз, дұғамды қабыл ет» («Ибраһим» сүресі, 40-аят).

Әрі Алла Тағала оның дұғасын қабыл етті. Зәкария пайғамбар да Раббысына жалбарынып:) «Раббым! Маған Өзіңнен игі ұрпақ бер. Шәксіз, Сен тілекті Естушісің», - деді” («Әли Имран» сүресі, 38-аят).

Пайғамбарлардың өз балаларына қатысты нендей қамқорлық жасағаны туралы Алла Тағала олардың бізге жеткізген дұғаларында керемет көрінісін тапқан. Аса Жоғары әрі Пәк Алла Өзінің қасиетті Құранында былай деген: «Ибрахим бұны Лә иләһа иллә-Ллаһ) сөздерін) өз ұлдарына өсиет еті әрі Яғқуб та: «Әй ұлдарым, расында, Аллаһ сендер үшін осы дінді таңдады, сондықтан да мұсылман болған күйде ғана өліңдер», - деді («әл-Бақара» сүресі, 132- аят).

Яғқуб (Исраил) (ғаләйһи-с-сәләм) жан тапсырар алдында өз балаларының одан кейін бай, жетістікке жеткен, ауқатты, мансапты болып қалулары үшін емес, олардың наным-сенімдері, таухид-бірқұдайшылығы дұрыс болуы үшін қатты қам жеді. Сондықтан да оның өлім алдында өз балалына айтқан сөздері келесідей еді. Алла Тағала оның осы сөздерін бүкіл мұсылмандарға және адамзатқа өнеге болуы үшін Өзінің Кітабында келтіреді: «Әлде сендер Яғқубқа өлім келген сәтте куәгер болдыңдар ма? Сол кезде ол өзінің балаларына: «Сендер мен қайтыс болғаннан кейін кімге (неге) құлшылық қыласыңдар?», - деді. Сонда олар (яғни балалары): «Сенің Құдайыңа, аталарың Ибраһимнің, Исмаилдың, Исхақтың құдайына, бір-ақ Құдайға құлшылық қыламыз әрі Соған ғана мұсылман болған күйде бой ұсынамыз», - деген еді» («әлБақара» сүресі, 133-аят).

Біз танысқан қиссада Лұқман да өз ұлына өсиет айтып, ең алдымен оған бірқұдайшыл болуды әмір етті әрі оған көпқұдайшылықтың, ширктің, яғни Аллаға серік қосудың, Одан басқа әлдебіреулерге құлшылық етудің аса қауіптілігін түсіндіріп: «Уа ұлым, Аллаһқа серік қосушы болма, расында ширк (Аллаға серік қосу) – өте үлкен зұлымдық», - деді. Ең үлкен зұлымдық – бұл ширк. Аса Жоғары әрі Пәк Алла бұл күнәні, егер адам одан тәубе етпестен дүниеден өтсе, ешкімге кешірмейді. Ширк адамға білдіртпей келеді. Алланың Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ширкті қапқарыңғы түнде, қара тастың үстінде жорғалап келе жатқан қара құмырсқамен теңеген болатын. Оны көру мүмкін бе? Міне, дәл сол сияқты адасушылықтар да адамға білдіртпей келеді де, оны ширк жасауға алып барады. Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өзінің сахабаларын осыдан сақтандып ескертетін. Әрі ол (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Ибн Аббасқа: «Уа бала! Мен саған кейбір сөздерді үйретейін: «Алланы сақта (яғни Алланың қақыларын орында және тек Оған ғана құлшылық ет), сонда Алла да сені сақтайтын болады (яғни сені бүкіл жамандықтардан, ширктен және адасушылықтардан сақтайды). Аллаһты сақта, сонда Оны алдыңнан табасың (яғни Алла мен өзіңнің араңдағыны сақта, Алланың құқытарын сақта, сонда Ол сені жаман іс-әректеттерден және дұшпандардан сақтайтын болады). Алланы берекерахатқа бөленіп жүрген кезіңде есіңе алып жұр, сонда Ол сені қайғы-қасірет кезде қолдайтын болады. Егер бір нәрсе сұрағың келсе, онда Алладан сұра; егер көмекке жүгінгің келсе, Аллаға жүгін. Әрі қаламдар (Сақтаулы Тақтадан) көтеріліп қойғанын әрі парақтар кеуіп кеткенін білгейсің, сол себепті егер бүкіл адамдар саған бір пайда жасамақ болып, жиналса, олар Алланың саған тағдырға жазған пайданы ғана келтіре алады. Әрі олар саған зиян тигізбек болып, бірге жиналса, саған Алланың тағдырға жазған нәрсесін ғана зиян тигізе алады. Әрі сені айналып өткен нәрсе саған келіп тию мүмкін емес болғанын, ал саған келіп тиген нәрсе сені айналып өтіп кетуі мүмкін емес болғанын білгейсің. Әрі ақиқатында, сабырмен - жеңіс, бақытсыздықпен - сәттілік, ал қиындықпен - жеңілдік келеді», - деді” (Тирмизи, Ахмад).

Бұл хадис адамды дұрыс наным-сенімге үйретеді, барлық нәрсе Алланың билігінде екенін әрі жалғыз Ол ғана пенделерінің істерін басқаратынын және бүкіл істің соңы тек Оған ғана тәуелді екенін көрсетеді. Алланың қалауынсыз ешкім саған пайда да, зиян да келтіре алмайды.

материал «Лұқман хәкімнің өсиеттері» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: