05
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Отбасы бақыты: тазалық, әсемділік және әшекейлік

Отбасы бақыты: тазалық, әсемділік және әшекейлік

Исламдағы отбасы
Жарнама

Денесі мен киімін таза ұстау, төсек қатынасы кезінде әсемдену және әшекейлену секілді қасиеттер екі жақтың да көңілін көтереді, белсенділігін жаңартады, жан дүниелері бірбіріне ұмтылады, осының нәтижесінде әркімді өмір бойы осы құрбысымен қалғысы келетіндей сезім билеп, екеуі де өздерін бақытты сезеді.

Алла Тағала айтады: «Алланың құлдары үшін жаратқан әшекейлі нәрселері мен таза ризықтарын кім арам етті,-де» («Ағраф» сүресі: 32).

Алланың елшісі (алайһи ас-солату уа ас-салам) Омарға былай дейді, Алла Тағала оған разы болсын: «Адамның қолындағы ең жақсы қазынаның не екенін айтайын ба? Ол - салиқалы әйел, егер күйеуі оған қараса, қуантады, егер оған бұйырса, айтқанды орындайды, ал үйде болмаған кезде оның ар-намысын қорғайды». Бұл қасиетті, әсіресе, ер адам есінен шығармауы қажет, өйткені әйел кісілердің табиғаты көбінесе бұған жақын болады. Ер адамдар түздің тірлігімен әйелінің қажетін ұмытып кетпегені дұрыс, тіпті ұмытпағанның өзінде, кейде төсек қатынасы махаббатсыз өтіп жатады.

Алайда әйел кісі де үйдің тірлігімен арпалысып, күйеуінің қажетін естен шығармағаны жөн, күйеуі жұмыстан шаршап келсе де белсендігін жаңартатын жоғарыда айтылған тәсілдерді қолдануы тамаша болады. Осыған байланысты Ибн Аббас, Алла Тағала оған разы болсын, былай деген екен: «Әйелімнің мен үшін қалай әшекейленуін жақсы көрген болсам, мен де әйелім үшін дәл осылай әшекейленуді жақсы көремін». Пайғамбарымыз (алайһи ас-солату уа ас-салам) былай деді: «Расында, Алла - әдемі, және әдемілікті жақсы көреді... ». Алланың елшісіне (алайһи ас-солату уа ас-салам) әтір ұсынылған болса, ешқашан қайтармайтын. Алланың елшісі (алайһи ас-солату уа ас-салам) айтады: «Кім шаш өсірсе, оған күтім көрсетсін».

Қысқаша айтқанда, тазалық және әдемілік мүміннен барлық істе және барлық жерде талап етіледі. Осы мағынаны Аллаһтың елшісі (алайһи ас-солату уа ас-салам) мына сөзімен білдіреді: «Шындығында, Аллаһ барлық нәрсені (көркін беріп) жақсылап істеулеріңді бұйырады»  (Мүслім жеткізді).

материал «Отбасы бақытына апаратын 30 жол» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: