05
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Нағыз махаббат – сүйгеніңнің бақытын өз бақытыңнан жоғары қою

Нағыз махаббат – сүйгеніңнің бақытын өз бақытыңнан жоғары қою

Исламдағы отбасы
Жарнама

Шынайы махаббат – өз қалауыңды орындату емес. Нағыз махаббат – сүйген адамыңның қалауына жүрегіңмен разы болып, оның бақытын өз бақытыңнан жоғары қоя білу.

Өз өмірімде мен осыны айқын дәлелдейтін бір оқиғаны бастан кештім. Бұдан он жыл бұрын маған Стамбулға оқуға кету мүмкіндігі туындады. Бірақ әкешешем алғашында бұған қарсы болып, «жібермейміз» деген шешім шығарды. Дәл сол уақытта сүйікті жарым жүкті еді. Баламыздың дүние есігін ашуына небәрі 1-2 ай қалған кез. Мен қатты қиналып, күйзеліске түстім. Өмірімдегі ең үлкен сынақтың алдында тұрғандай болдым: бір жағында – үлкен мүмкіндік, бір жағында – отбасымның амандығы.

Міне, дәл осы сәтте менің сүйікті жарым шынайы махаббаттың не екенін көрсетті. Ол өзінің жайлылығын, қамқорлыққа мұқтаж халін ойламай, менің арманымды орындауға жол ашты. Әке-шешеме барып: «Нұрбол оқуға кете берсін, мен Астанада қалып, өзім босанамын. Баланы да өзім қараймын, сіздер уайымдамаңыздар» деп, оларды көндірді.

Осы жанқиярлықтың арқасында менің өмірім өзгерді. Сол сәттен бастап мен шынайы сүйіспеншілік – тек сөзде емес, іс-әрекетте екенін терең түсіндім. Бұл маған Айша анамыздың пайғамбарға айтқан мына сөзін еске салды: «Уа, Алланың елшісі! Аллаға ант етейін, мен Сенің қасыңда болуды сүйемін, әрі Сенің қалауыңды сүйемін».

Шынайы сүйіспеншілік – сүйген адамыңның қалауына жүрекпен разы болып, қажет болса өзіңді құрбан ете білу. Міне, менің сүйікті жарымның ісі осының ең үлкен дәлелі болды.

материал Нұрбол Рахматилланың «Стамбулдағы тәфәккур» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: