05
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Әурет жабушы киімдердің көрінісі

Әурет жабушы киімдердің көрінісі

Исламдағы отбасы
Жарнама

Әбу Саъид әл-Худрийдан риуаят болды: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) жеңі жоқ тар киім киюден, тізені құшақтап алдын ашып отырудан қатаң тиды».

Әбу Хурайра (р.а.) риуаят етті: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) екі түрлі сауда - саттықтан тиды:

1) Айтқаны осы деп тексермей, саудаласпай ала салудан;

2) Болғаны осы деп бағасын түсірмей алудан. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) жеңі жоқ тар киім кимектен, тізені құшақтап, әуретін ашып отырудан тиған»,- деді.

Әбу Хурайра Хумайд ибн Абдурахманға айтты: «Сол қажылық уақытында Әбу Бәкір мені «Осы жылдан кейін бірде-бір мүшірік қажылыққа келмесін және Қағбаны жалаңаш күйде тәуеп етпесін!»,- деп айт күні Минада адамдарға жар салып ескертетін адамдармен бірге жіберген еді»,- деді.

Хумайд ибн Абдуррахман айтты: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хазреті Әлиді Әбу Бәкірге жіберді және нәзіл болған «Бараат» сүресін адамдарға хабарлауды бұйырды»,- деді.

Әбу Хурайра айтты: «Құрбан айт күні Минада жиналғандарға бізбен бірге хазреті Әли «Осы жылдан кейін бірде-бір мүшрік қажылыққа келмесін және Қағбаны жалаңаш күйде тәуеп етпесін!»,- деп жар салды»,- деді.

материал «Сахих әл-Бұхари» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: