10
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Ізгі амалдарда жалқаулық таныту – жаман адаммен дос болғанмен тең

Ізгі амалдарда жалқаулық таныту – жаман адаммен дос болғанмен тең

Исламдағы отбасы
Жарнама

Балам! Алла сені әр уақытта қолдасын! Адам баласы – өзге жаратылыстардан тек ақылмен ғана емес, бәлкім, онымен әрекет етумен ерекшеленетінін біліп жүр! Сондықтан әрбір нәрсені ақылмен жаса! Қандай да бір мәселені шешу керек болса, көп ойлан! Ойланудан шаршама!

Қажет болса, оңаша қал. Ақыл – ең бірінші адамға құдайды тануға арналған. Балам! Бұл дүниеде мукалләф жаратылыс екеніңді жақсы білесің. Олай болса, екі періште әрбір айтқан сөздерің мен жасаған іс-әрекеттеріңді амал дәптеріңе жазып жатқанын ұмытпа! Cенің әрбір тынысың аяқталуға бара жатыр. Бұл дүниенің уақыты қысқа, қабірдегі уақыт ұзақ, ал өмірді ойын-сауыққа жұмсаудың азабы ауыр! Кешегі көңіл көтеріп, уақытты аяусыз ысырап етіп, рахаттанған күндер қайда? Өкінішке айналып, қайта оралмасқа кетті. Ал, асау нәпсінің шәһуаты қайда кетті? Осы нәпсінің кесірінен қанша адамдар өздеріне зиян келтіріп, соңында бастарын көтере алмай, масқара болды? Олардың қазіргі жағдайы қандай? Ал, шынайы бақытты адамдар кімдер? Олар өздерінің қалауларына ермей, ақылдарымен серік болғандар.

Бақытсыз адамдар – бұл дүниенің қызықтарына жалтақтап, артына ерумен әлек болады. Саған мысал керек болса, өткен замандағы патшалар мен діндар тақуаларды есіңе алшы! Олардың бұл дүниенің қызықтарына шалқып, рахаттанып жүргендері қайда? Олар жинап терген мал-мүліктерін көрге алып кете алды ма? Діндардың артынан – мол сауабы мен ол жайлы ізгі естеліктер қалды. Ал күнәһарлардың артынан – жаман сөз бен ауыр азап қалды. Бұл өмірде дүниенің қызықтарына алданбай, бейне аш жүргендей аш болмады. Нәпсісін тойғызып жүргендер болса, сол күйі тоймай кетті…

Есіңде болсын! Ізгі амалдарда жалқаулық таныту – жаман адаммен дос болғанмен тең! Дүниенің рахаттарын жақсы көру. Сондықтан, нәпсінің арбауына жол берме! Балам! Парыз амалдарды орындап, харам етілген нәрселерден тиылу – мұсылман адамның міндеті екенін біліп жүр! Кімде-кім осы шекарадан өтетін болса, оның орны – тозақтың оты!

Балам! Бұл дүниеден өткен әрбір мүжтәһид ғалымдардың басты мақсаты – шарапатты істермен айналысу. Шарапатты істер не екендігі жайлы көп талқылаулар жүрді. Біреулер оны дүниені тәрк ету деп айтса, басқалары өмірді ғибадат-құлшылықпен өткізу деп түсінді. Ең дұрысы – шынайы шарапатты істермен айналысу, ол – ілім алып, сол ілімге амал жасау. Кімде-кімнің бойында осы екі қасиет көрінетін болса, бұл дүниенің мақсатына, яғни Алла Тағаланы тануға жетеді. Алла ондай пендесін жақсы көріп, оны шынайы тақуа құлдарынан қылып, оны ерекше сағынышпен күтетін болады. Міне, бұл өмірдегі ең ұлы мақсат – ілім алу мен амал жасау. Адамның талпынысына қарай жігерлік келеді. Адамның барлығы қалаған нәрселеріне жете алмай, талап етуші іздегенін таппаса да, әрбір жан иесі жатпай еңбектеніп, әрекет жасауы керек. Ардақты Пайғамбарымыздың (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде: «Әрбір адамның жаратылып қойылған амалдары ол үшін жеңілдетілген». Алланың өзі қамқоршы болсын!

материал «Ибн Жаузидың баласына жазған өсиеті» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: