Бақытты бала тәрбиелеу үшін бай болудың қажеті жоқ.
Олар өздерін сүйікті, құнды сезінсе болғаны. Қарындары тойған шығар, алайда сіз олардың жүректерін махаббатпен толтыруға тырысыңыз.
Себебі сіз қазір аямаған сүйіспеншілік уақыт өте келе балаңыздың ішінде сізге де, қоғамға да бағытталған үлкен бір махаббат пен мейірім ағашына айналады.
Яғни ертең балаңыздың қоғамға қалай қарайтынын бүгін сіздің оған бергеніңіз анықтайды. Үміттенемін, сіздің де жауабыңыз «Тек сүйіспеншілік» болады.
Сендердің буындарың бәрін тез тұтынып тастайды ғой, балам. Бірақ ең көп тұтынатындарың – сүйіспеншілік. Бір затқа ие болуды, оған қол жеткізуді үйренгенсіңдер, алайда өмір бойы берген уәделеріңде тұруды үйренбегенсіңдер.
Бір-біріңнен оңай бас тартуды, есікті бір-біріңнің беттеріңе тарс жабуды үйренгенсіңдер. Жанбай жатып сөніп, ойланбай жатып сөйлейсіңдер, әр нәрседен шағымданып, өкпе-ренішпен өмір сүресіңдер. Ең бастысы не, білесің бе, балам?
Сендер сүйіспеншілікті мүлдем танымайсыңдар. Тек болжам жасайсыңдар және бастан кешкен нәрселеріңді махаббат деп ойлайсыңдар. Саған махаббаттың не екенін айтайын ба, балам? Алты жыл бойы Альцгеймер ауруына шалдыққан төсектегі күйеуіне қарайлап, кейін күйеуінен айырылған әйелдің «Үйімнің тірегінен айырылдым. Тағы біраз уақыт бірге бола тұрар ма едік." деп жылауы.
материал Аслан Орақбаевтың «Сенің қамқор ағаң» кітабынан алынды,
ummet.kz