Ерлі-зайыптылар арасындағы түсініспеушіліктің себептері
Махаббат пен сезімнің жоқтығы
Отбасылық өмірдегі махаббат пен сезімнің жетіспеуі – некеге ең қауіпті соққы. Бұл мәселе отбасылық қарым-қатынастың іргесін сөгіп, сызат түсіреді. Сондықтан ерлі-зайыптылар бұл мәселені назардан тыс қалдырмай, оны шешуге күш салуы керек. Махаббат пен сезімге негізделген қарым-қатынас үздіксіз байланыста және жаңарып отыратын сүйіспеншілікте болады.
Эмоциялық байланыс – ерлі-зайыптылар арасындағы бақыттың кілті. Некелік қарым-қатынас басында күшті әрі жылы, жағымды сезімдерге толы болуы мүмкін. Бірақ уақыт өте келе бұл байланыс әлсіреп, жылусыз, жарықсыз күлге айналуы мүмкін. Махаббатсыз өмір дауылды апатқа ұқсайды: уайым-қайғы көбейіп, мәселелер артады, ал шайтан ерлі-зайыптылардың өміріне араласып, кішкентай нәрсені үлкен дауға айналдырады. Құрмет пен қадір азайып, әрқайсысы серігінің кемшіліктеріне шайтанның көзімен көріп, оларды асқар таудай етіп қабылдайды.
Түсініспеушіліктің тағы бір себебі – эмоционалдық мәселелер. Соның ішінде:
Біржақты махаббат
Махаббаттың тек бір тараптан ғана болуы (әйелден немесе күйеуден) екінші жақтың назардан тыс қалуына, оның сезімдері мен эмоцияларының ескерілмеуіне әкеледі. Серігінен қолдау көрмеген адам өзін жалғыз сезініп, қарым-қатынастан алшақтайды.
Сезімдердің сууы
Эмоциялық байланыс әлсірегенде қарым-қатынаста жылу мен жақындық жоғалады. Бұл ерлі-зайыптылардың арасындағы түсініспеушілікті күшейтеді.
Артық иелік етуге деген ұмтылыс
Серігін толықтай бақылауға тырысатын адам оның еркіндігін шектеп, қарым-қатынасын тұншықтырады. Мұндай әрекет жұбайының қозғалыс еркіндігін шектеп қана қоймай, кез келген сыртқы байланысқа тосқауыл қояды. Бұл қарым-қатынасты одан әрі нашарлатады.
материал «Халал сиқыр» кітабынан алынды,
ummet.kz