11
Сәрсенбі,
Ақпан

һижри

Отбасы бақыты: Отбасында бір-бірін қолдап, қуаттау

Отбасы бақыты: Отбасында бір-бірін қолдап, қуаттау

Исламдағы отбасы
Жарнама

Ислам тарихында ардақты Пайғамбарымызды (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қолдап-қуаттап, ең бірінші Исламды қабылдаған Хадиша анамыз екені белгілі.

Ол кісі өте дана, парасатты әйел болған. Хира үңгірінде алғаш аяттар түскен кезде Алла Елшісінің бойына үрей туғызады. Үйіне келе сала үстімді жабыңдар деп жата қалады. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Хадиша анамызға басынан кешкен жағдайды айтады. Сонда Хадиша анамыз: «Алаңдамаңыз, Жаратқан Алла сіз сияқты құлын ұятқа қалдырмайды. Өйткені сіз әркез шындықты айтасыз. Аманатқа қиянат жасамайсыз, туған-туыстарыңызбен сәлеміңіз түзу. Көршілеріңізге де мейірімдісіз...», – деп көптеген жақсы сипаттарын айтып жұбатады.  

Кез келген адам қолдап-қуаттауға мұқтаж. Міне, осы қолдау ең бірінші оның отбасында көрініс табуы қажет. Қолдап-қуаттауды міндетті түрде бір қиын жағдайға тап болған кезде жәрдем беру деп түсінбеу керек. Қарапайым, күнделікті өмірде ерлі-зайыптылар бір-бірінің киген киімін мақтауы, таңдауын құптауы, тіпті ер адам әйелінің жасаған тамағы жайында жақсы пікір айтуының өзі қолдап-қуаттауға жатады. Жәбир деген сахаба (Алла оған разы болсын): «Бірде Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын)  отбасындағы адамдардан тұздық сұрады, оған: «Бізде сірке суынан басқа тұздық жоқ», – деді. Сонда ол сірке суын алдырды да: «Сірке суы нендей тамаша тұздық, сірке суы нендей тамаша тұздық!» – деп (тамағын) жей бастады», – деген.

 

материал «Отбасы бақытына апаратын 30 жол» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: