11
Сәрсенбі,
Ақпан

һижри

Адал етілген нәрселердің Аллаға ең жек көрініштісі – ажырасу

Адал етілген нәрселердің Аллаға ең жек көрініштісі – ажырасу

Исламдағы отбасы
Жарнама

Татуласу қиынға соққан жағдайда ерлі-зайыптылардың пайдасы үшін ажырасу шарасы кейде қажеттілікке айналады.

Бұл нәрсе екі жақтың туыстарына қаншалықты ауыр болғанымен, ушыққан ұрыс-керісті тоқтатудың жалғыз-ақ жолына айналады. Алланың елшісі (алайһи ас-солату уа ас-салам) айтқандай: «Адал етілген нәрселердің Алла Тағалаға ең жек көрініштісі  – ажырасу».

Бір-бірін жұбайлыққа таңдау барысында таң-даулары мұқият болмаған, осының нәтижесінде табиғаттары келісе алмаған әрі аралары жараса ал-маған ерлі-зайыптылар өздеріне сай жұбайды қайта іздеп көрулеріне мұрсат ретінде ислам шариғаты жеккөрінішті болса да олар үшін ажырасу жолын заңды етті. Ажырасудың салдарынан ерлі-зайыптылар өмірден түңілмеулері үшін Алла Тағала олардың болашағы жайлы Құран Кәрімде былай дейді: «Егер екеуі ажырасатын болса, Алла ол екеуінің әрқайсысын Өз кеңшілігінен байытады» («Ниса» сүресі: 130).

Ислам діні некені бұзу құқығын отағасының қолына беріп қойды. Әйелінен ажырасуды шын қалайтындығын дәлелдеуі үшін некені әйелінің етеккірден тазарған уақытында бұзуын қалады, мүмкін жақындасуды қалап райынан қайтар ма екен?! Ер адам некені бұза сала әйелін үш етеккірден тазарғанша үйінен шығаруына болмайды және әйеліне де шығуға болмайды. Жүректеріндегі тақуалықты сынау үшін және аралары жарасып қалу үмітімен Алланың даналығы бекіткен әділ үкім осындай: «Әй, пайғамбар, әйелдерді некеден шығарған кездеріңде мерзімдері келгенше күтіңдер және оларды үйлерінен шығармаңдар, әрі өздері де кетпесін, тек ашық арсыздық істесе ғана болады» («Талақ» сүресі: 1).

Алла Тағала тағы бір аятта былай дейді: «Некеден ажырасқан әйелдер үш (етеккірден) тазаруды күтеді» («Бақара» сүресі: 228).

материал  «Отбасы бақытына апаратын 30 жол» кітабынан алынды,

ummet.kz 


Бөлісу: