28
Бейсенбі,
Қараша

һижри

Мынандай жар - бақытың

Мынандай жар - бақытың

Исламдағы отбасы
Жарнама

Біреулер әйелді сұлулығына қарап таңдаса, енді біреулер оның байлығына қарай таңдайды.

Ал, кейбіреулер әйелдің ел арасындағы атақ-даңқына қарайды.

Енді біреулер әйелді діні мен тақуалығына және мінез-құлқына, парасатына қарап бағалайды. Дініміздің талабы да таңдаудың осы соңғы түрі. Алланың елшісі (с.а.с): «Үйленетінкісі әйелді төрт сипатына қарай таңдайды: көркі үшін, малы үшін, атағы үшін және дініүшін. Соның ішінде қайырлысы – діндар болғаны»,деген.

Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) сахабасы әрі қызметшісі болған Әнас ибн Мәлик жеткізгендей Алланың елшісі (с.а.с) тағы бір хадисінде:«Кім бір әйелге оның атағы үшін үйленсе (яғни, әйелдің ел алдындағы атағы арқылы өз даңқын көтергісі келсе), Алла оны қорлыққа салады.

Кім әйелді оның малы үшін алса, Алла оған кедейлік жібереді.

Кім бір әйелді өз көзін төмен салу үшін (харамға қараудан сақтану үшін), ұятты жерін (зинадан) қорғау үшін, байланысты нығайту үшін таңдаса, Алла оған сол әйел арқылы береке береді, ал әйелге ол арқылы береке береді», - деген (Әл-Аусат. Табарани) (Әт-Ттарғиб уә әт-Әттәрһиб Әл-Мунзири, 46).

Абдулла Ибн Амр Ибн Әл Ас Алланың елшісінің: «Әйелдерге олардың көркі үшін үйленбеңдер, мүмкін олардың көркі оларды ұсқынсыз етер. Және оларды малы үшін де алмаңдар, өйткені ол мал олардың ерлеріне бойсұнбаушылығына апарып соқтырар. Оларды діні үшін таңдаңдар. Егер діндар болса мұрны тесік қара күңнің өзі артық», - дегенін айтқан (Ибн Мәжә, 343.1).

Ал, егер әйел бойынан діндарлық пен көріктілік сипат бірге табылып жатса, әрине, одан асқан кемелдік болмасы анық. Ол жайында бір ақыны өз өлеңінде:

Дін мен дүние біріксе қандай жақсы,

Күйеуді мал, даңқ қуған қара басты, - деген екен.

Діндар әйел деген тек қана намаз оқып, ораза ұстағанәйел емес. Ол – күйеуінің арына, малына қиянат етпейтін, ерінен өзгеге көз салмайтын, Ислан әдептерін бойына сіңірген, Алла Тағаланың өзіне жүктеген парыздарын орындайтын, ерінің хақтарын өтейтін, оның көңіліне орынсыз қаяу түсірмеуге тырысатын әйел.

 «Ислам жанұясы» кітабынан

Бөлісу: