28
Бейсенбі,
Қараша

һижри

«Z» ұрпағына арналған 3 қазақша мобилді ойын

«Z» ұрпағына арналған 3 қазақша мобилді ойын

Исламдағы отбасы
Жарнама

2000 жылдан кейін дүниеге келген «Z» ұрпағы сандық әлемде дүниеге келген нәсіл. Сәби кезінен мобилді технологияны қолданып, ғаламторды шарлап өскен олар бұл өмірді әртүрлі гаджеттерсіз тіпті елестете де алмайды.

ХХ ғасырдың соңында пайда болған «Ұрпақтар теориясы» бір уақытта туылған замандастардың яғни балалық шақтары бір кезеңге түскен ұрпақтың құндылықтары да бірдей болатынын айтады. Сондай-ақ, әр 20 жыл сайын құндылығы мүлдем өзгеше жаңа ұрпақ ауысып тұратынын дәлелдейді.

Мысалы, соғысты басынан өткерген нәсіл үнемі аштықтан қорқып, еңбекқорлыққа ғана арқа сүйеумен өмір сүрсе, ал, олардың бейбіт күнде дүниеге келіп, соғыстың зардабын көрмеген балалары тек еңбектеніп қана қоймай жақсы демалуға, өзінің қалауымен өмір сүруге ұмтылады. Осылайша құндылықтар түсінігі әртүрлі аға буын мен артқы толқын інілердің арасындағы бітпес тартыс жалғаса бермек.  

«Z» ұрпағының ерекшелігі неде?

Олар сұрақты мұғалімнен емес, гуглден сұрайды, жолды навигатормен табады, ал сауданы ғаламтор арқылы жасайды.

Бір мезгілде сабағын орындап, бірнеше досымен смс жазысып, музыка тыңдап, сол аралықта әжесімен сөйлесуге де үлгіреді. Бала жасынан шекарамен шектелмеген ғаламтор кеңістігінде өмір сүретін олардың миы аз уақытта көп ақпаратты меңгеруімен ерекшеленеді. Бұл қасиеттің жанама әсері де бар, ақпарат ағыны азайғанда балалар жалыға бастайды. Мысалы, дәріс үстінде.

Көп ата-аналар балаларының психикасына кері әсерін тигізеді деп, олардың «виртуалды өміріне» шектеу қойып жатады. Ал, шындығында сандық әлемнің бала психикасына қандай әсері барын көрсететін зерттеулер өте аз.

Ерте жасынан әр түрлі гаджеттер мен мобилді технологияның ортасында өскен жас жеткіншектерді мобильді ойындардан түбегейлі алыстата алмасымыз анық.  Бірақ «лимонды лимонадқа айналдыра білу» ережесіне сүйеніп, олардың осы бір осал тұсын ұтымды пайдаланудың жолы – пайдалы ойындарды ұсыну. Яғни ұлттық құндылықтар мен төл мәдениетімізді жеткізуде мобилді ойындарды қолдану.

Қазақша мобилді ойындар

Осы орайда, біз қазақ тілінде жасалған әрі пайдалы деп тапқан бірнеше мобилді ойынды сіздердің назарларыңызға ұсынамыз.  Олардың біріншісі «Baursak» студиясы жасаған «Сөз» ойыны.  7 категорияда 400-ге жуық сөзді қамтиды. Оған қоса Soz-Сөзді латын және кирил әліпбиінде қатар өте аласыздар.

soz 1

 

Ойынның ережесі қарапайым. Сөздер 4 түрлі тәсілмен жасырылады. Категорияға байланысты жасырылған сөзді яғни жануар атауы, тарихи тұлғаның есімін, т.б. сөздерді табу. Егер жасырылған сөзді табу қиындық тудырса, ойын ережесіне сай өте ыңғайлы көмек жүйесін іске қоса аласыз. Әр табылған сөз үшін қиындығына байланысты күміс және алтын беріледі. Алтын және күміс ойын ішіндегі валюта болып саналады.

soz 2

«SOZ-СӨЗ» ойынының геймдизайнері Рахымберді Нұрдәулет:  «Ойынды құрастырудағы негізгі мақсатым жаңа әліпбиді кеңінен қолданысқа енгізу. Яғни ойын барысында қайта-қайта теру арқылы латынша қаріптерге ойыншылар тез үйреніседі. Дегенмен, ойынды кирилл қарпімен де өтуге болады», - дейді.

 

Soz - Сөз жүктеп алу:

Google Play:https://play.google.com/store/apps/details?id=com.baursakstudio.soz

App Store: Жуырда.

 


Келесі сіздердің назарларыңызға ұсынатын «Тоғызқұмалақ» ойынын Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің студенттері жасаған. Балалардың зейіні мен есепке жүйріктігін арттыратын бұл қосымшаны ойынның авторлары кәсіби тоғызқұмалақ ойыншыларымен ақылдаса отырып жүзеге асырған. Сондықтан да ойын өте қызғылықты әрі ұлттық тоғызқұмалақ ойынының барлық ережесі сақталған. Сондай-ақ, егер балаңыз тоғызқұмалақ ойнау білмесе еш қынжылмаңыз. Ойын ішінде ұлттық ойынның осы түрін меңгергісі келгендерге арнайы «үйрету модулі» қарастырылған. Тағы бір ерекшелігі әр ойыншы өзі жайлы статистиканы көре алады.

9qumalaq

Тоғызқұмалақ 2.0 жүктеп алу:

Google Play: https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.enu.togyzqumalaq

App Store: https://itunes.apple.com/ru/app/toqyzqumalaq

 


Қазақ тіліндегі үшінші мобилді «Асық ату» ойынының авторы Еркебұлан Казыкенов. Ұлттық асық ату ойынының ережелеріне сүйене отырып жасалған бұл қосымшаны 3 тілде яғни қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ойнай аласыз. Ежелден келе жатқан асық ату ойыны арқылы балаларды мергендік пен ептілікке шыңдап, әскери әдіс-тәсілдерге баулыған.

asykAtu

asykAtu2

Асық ату жүктеп алу:

Google Play: https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.KEOLimits.asyk

 

Индира Жұмабекқызы

Бөлісу: