27
Сейсенбі,
Шілде

һижри

Ташриқ күндерінің тәкбірі дегеніміз не?

Ташриқ күндерінің тәкбірі дегеніміз не?

Құрбан Айт
Жарнама

Ораза айт күні де, Құрбан айт күні де Алла Тағаланы ұлықтайтын мерекелік тәкбірлерді айту шариғатта құпталатын амал. Бірақ, дәл Құрбан айт кезінде айтылатын тәкбірдің арнайы бекітілген де уақыттары бар. Оны - ташриқ күндерінің тәкбірі дейді.

Ташриқ күндерінің тәкбірі дегеніміз - зүлхижжаның 9-күнгі таңғы намазынан кейін айтылып басталатын, содан әрі парыз намазының соңында айтылуы зүлхижжаның 13-күнгі екінді намазының соңына дейін жалғасатын

«Аллаөу Акбар, Аллаһу Акбар, Лә иләха илләЛлаһу, уаЛлаһу Акбар, Аллаһу Акбар уә лиЛләхиль-хәмд».

(Алла бәрінен де ұлық, Алла бәрінен де ұлық. Алладан басқа тәңір жоқ, және Алла бәрінен де ұлық. Алла бәрінен де ұлық және барлық мақтау-мадақ Аллаға ғана лайық) сөзі.

Умайр ибн Са`иид: "Әли тәкбірлерді Арафа күнінің таңынан соңғы ташриқ күнінің екінді намазына дейін айтатын", - деген ("Мусоннаф Ибн Әби Шайба": 2/165).

"Санаулы ташриқ күндері Алланы еске алыңдар!"  («Бақара» сүресі, 203-аят)  деген аяттың негізінде ташриқ тәкбірін мейлі жамағатпен, мейлі жалғыз атқарылған әр парыз намазының артында ер адамдарға да, әйел кісілерге де, тұрғылықты кісіге де, жолаушы кісіге де бір мәрте айту уәжіп, көбірек айту мустахаб (істеушісі сауап алып, жасалмаған адамға күнә жасалмайтын жағдай) саналады. Айт намазы мен үтір намазынан кейін айтылмайды. Масбуқ кісі ташриқ тәкбірін имамның сәлемінен кейін өткізіп алған рәкағаттарын өтеген соң айтады. Ер кісі көтеріңкі дауыспен, ал әйел кісі ішінен айтады.

"Омар Минада тігілген шатырында тәкбір айтатын. Оны естіген мешіттегілер де базардағылар да тәкбір айтатын. Мина тіпті тәкбірден дірілдеп кететін. Ибн Омар да ташриқ күндері Минада, намаздардың соңында да, төсегінде де, шатырында да, отырысында да ташриқ күндері бойы тәкбір айтатын. Маймуна анамыз да құрбан айт күні тәкбір айтатын. Сондай-ақ, әйел кісілер мешітте Әбан ибн Османның, Омар ибн Абдулазиздің арттарында тұрып ташриқ түндерінде ер кісілермен бірге тәкбір айтатын",- деп риуаят еткен. (Бұхари).

ummet.kz

Бөлісу: