27
Сейсенбі,
Шілде

һижри

Құрбандыққа малды қайдан алып, қалай шалған дұрыс?

Құрбандыққа малды қайдан алып, қалай шалған дұрыс?

Құрбан Айт
Жарнама

Құрбандыққа шалынған малдың етін, терісін, ішкі ағзаларын және мүйізін сату дұрыс емес. Кімде-кім құрбан малының аталмыш бөлшектерін сатса, құны кедейлерге садақа ретінде беріледі[1].

 Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кім құрбандығының терісін сатса, онық құрбандығы есептелмейді»[2] деген. Құрбандыққа шалынған малдың терісін сату дұрыс болмаса, онда етін де сатуға болмайды деген сөз.  Десе де, етті садақа ету мақсатында сатуға рұқсат етіледі.

«Тәбину әл-хақайық» атты кітапта: «Құрбандық малының терісі мен етін садақа ету мақсатында сатуға рұқсат етіледі. Өйткені ол да терісі мен етін садақа еткенмен тең. Ал Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кім құрбандығының терісін сатса, оның құрбандығы есептелмейді» деген хадисі сатудың мәкруһ екендігін білдіреді»[3] - делінген.

Осыған орай, құрбандық шалушы малдың етін де, терісін де бас пайдасын ойлап сатуына болмайды. Сатқан жағдайда ақшасын садақа етіп жібереді. Алайда еті мен терісін садақа ету мақсатында сатудың оқасы жоқ.

Ал, садақа жолымен құрбандық етіне ие болған жандар, оны жеуіне де, қажет болған жағдайда сатуына да болады. Дегенмен оны пайда көзіне айналдырмауы керек.

 

[1] Бәдайығу әс-санайығ, 5/80.

[2] Байһақи, 9/294.

[3] Тәбину әл-хақайық шарху кәнзи әд-дәқайық, 6/486.

ummet.kz

Бөлісу: