27
Сейсенбі,
Шілде

һижри

Айт күндері мұқтаж жандарға жәрдемдесудің сауабы

Айт күндері мұқтаж жандарға жәрдемдесудің сауабы

Құрбан Айт
Жарнама

Қасиетті  Құрбан айт мейрамы көпшілікке жәрдемдесу, мұқтаж жандарға қол ұшын беру сияқты адами құндылықтарға  үндейді. Құрбан – араб тілінде «жақындау» дегенді білдіреді, яғни жасаған сауап істер арқылы жүректі тазартып, Аллаға жақындай түсу.

Құрбандық шалу тек мал бауыздаумен ғана шектелмейді. Онда адамның ішкі пейілі, дінге бекемдігі, тақуалығы, басқаларға жанашырлығы таразыға түседі. Сондай-ақ пенденің пендешілігі мен мәрттігі, сараңдығы мен жомарттығы да сыналады. Осы себепті де шалынған құрбандық етімен мұқтаж жандарға жәрдемдесудің сауабы үлкен. Қасиетті Құранның «Зәрият» сүресінің 19-аятында: «Олардың малдарында қайыр сұраушының және (сұрауға намысы жібермеген) жарлының да ақысы бар», - делінген.

Құрбан етiн үшке бөлiп, бiр бөлiгiн мұқтаж жандарға, екiншi бөлiгiн туған-туыстарға немесе көршiлерге, ал қалған бөлiгiн өз отбасына алып қалу – мұстахаб амал.

ummet.kz

Бөлісу: