27
Сейсенбі,
Шілде

һижри

Құрбандыққа шалынған етті жеткізумен кім айналысады?

Құрбандыққа шалынған етті жеткізумен кім айналысады?

Құрбан Айт
Жарнама

Бүгін барша мұсылман үшін ұлық саналатын Құрбай айт мерекесі басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Биылғы Құрбан айт та коронавирус пандемиясына байланысты карантин шектеулерімен тұспа-тұс келді.

Биылғы Құрбан айт мерекесі 20 шілде мен 22 шілде аралығында өтеді. Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты бүгін қала мешіттерінде Айт намазы оқылмады. Нұр-Сұлтан қаласында Құрбан айт мерекесі онлайн режимде басталды, құрбандық шалу Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұйымдастырған qurban2021.kz арқылы жүргізіліп отыр.

Құрбандыққа шалынған етті жеткізумен кім айналысады? Мұқтаж жандарға етті жеткізіп беру жұмыстарымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жергілікті өкілдері және еріктілер айналысады. Құрбан еттерін жағдайы төмен отбасылар, жетімдер, қарттар үйі мен әлеуметтік жағдайы төмен топтарға таратылады. Бәрі тегін жеткізіледі.

ummet.kz

Бөлісу: