23
Сенбі,
Қараша

һижри

Құрбан шалу барлық адамға міндетті ме?

Құрбан шалу барлық адамға міндетті ме?

Құрбан Айт
Жарнама

Ханафи мазхабында мерекелі құрбан шалу – мүмкіндігі бар әр  адам үшін  міндетті ғибадаттың түрі. 

Алла Тағала Құран Кәрімде «Каусар» сүресінде: «Раббың үшін Намаз оқы және құрбан шал» – деп, әмір етті.

Сахаба Ибн Аббас былай деген: «Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Мәдинада он жыл болды, әрі сол жылдардың барысында құрбан шалатын».(Ахмад, Тирмизи). Сондай-ақ, ғұлама Хафиз Ибн Абдул-Барр былай деген: «Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бүкіл өмірі барысында құрбан шалатын әрі оның құрбан шалуды бір рет болса да қалдырғаны белгісіз. Ол оны орындауға ынталандыратын, әрі молшылыққа ие мұсылман адам оны  тастамауы қажет».

Сахаба Жәбир: «Мен айт намазын Алла Елшісімен (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бірге орындадым, әрі ол аяқталған соң ол бір қошқарды жетектеп келіп: «Алланың атымен, Алла Ұлы! Уа, Алла, мұны менен және менің үмметімнен болған құрбан шала алмағандардың атынан қабыл ет», - деп құрбан шалды», - деп баяндайды. (Тирмизи, Ахмад).

Кейбір ғалымдар бұл хадиске қатысты: «Бұл хадис қияметке дейінгі Құрбан шала алмайтын кедей мұсылман үмметінің  атынан Пайғамбардың өзі құрбан шалғанына дәлел»,-деген.

материал «Құрбан айт – құтты мереке» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: