Құрбандыққа шалынған малды мейлі көпшілікті шақырып ас етіп берсін, мейлі кедейлерге таратып берсін ол адамның өз еркінде.
Алайда құрбан малдың етін үшке бөліп, бір бөлігін өздеріне, бір бөлігін туған-туыстарына, бір бөлігін кедейлерге тарату – сүннет.Көп балалы отбасы өздері шалған құрбанның етін түгелдей өздеріне алып қала алады ма? Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) құрбан етінен құрбан шалушының өзі және өзгелер де жесін деп халықты осыған ынталандырған. Құрбан етінің үштен бірін басқаға беру – мәндүп. Алайда көп балалы отбасы құрбан айт күндерінде құрбан шалған болса, мұның еттерін түгелдей өз отбасына алып қалуына ешқандай тыйым жоқ. Өйткені отбасының мұң-мұқтажы басқаларға қарағанда бірінші кезекте тұрады. Ал егер шалған құрбаны «нәзір құрбан» болса, етінен жей алмайды.
материал «Құрбан шалу (хикметтері мен үкімдері)» кітабынан алынды,
ummet.kz