21
Бейсенбі,
Қараша

һижри

Нәпіл құрбан деген не?

Нәпіл құрбан деген не?

Құрбан Айт
Жарнама

Нәпіл сөздің мағынасы: парыз бен уәжіптен тыс, пендеге міндеттелмеген құлшылықтар.

Нәпілді орындау – Аллаға жақындата түсетін сауабы мол құлшылық болып табылады. Мысалы: дәрет алғаннан соң оқылатын екі рәкат намаз, тәубе намазы, мешітке кіргенде оқитын екі рәкаттық сәлем намазы, шүкіршілік ретінде оқылатын намаз, дүйсенбі мен бейсенбі күндері тұтылатын нәпіл ораза және т.б. Ал нәпіл құрбан деп – нисап мөлшеріне байлығы жетпеген кедей кісінің шалған құрбанын айтады. Мысалы: кедей кісі құрбан айтта немесе басқа уақытта құрбан шалса, бұл шалған құрбаны нәпіл құрбаны болып саналады. Өйткені кедей кісіге құрбан шалу уәжіп емес.

Сонымен қатар нәпіл құрбаны деп нәресте дүниеге келгенде шалынатын «ақиқа» құрбанына да айтылады. Өйткені бұл құрбанды шалу міндетті емес, егер шалса, сауап жазылады. Қажылық жасаушы ұмраны қоспай тек қажылық жасайтын болса (мұны «ифрад» қажылық деп атайды) бұл адамға құрбан шалу міндетті емес. Алайда өз қалауымен құрбан шалса, нәпіл құрбан болып саналады.

Қорыта келгенде, пендеге уәжіп құрбандардан тыс шалынатын құрбан түрлері нәпіл құрбан деп аталады. Бұл нәпіл құрбандарды тек құрбан айт күндері емес, басқа да уақытта шалып немесе садақа ретінде таратуға болады

материал «Құрбан шалу (хикметтері мен үкімдері)» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: