21
Бейсенбі,
Қараша

һижри

Құрбанның орнына садақа берсем бола ма?

Құрбанның орнына садақа берсем бола ма?

Құрбан Айт
Жарнама

Әрбір құлшылықтың өзіндік ерекшелігі болады. Зекеттің, садақаның, құрбанның жеке дара сипаттарымен шариғаттағы орны бар.

Мысалы, жылына бір мәрте зекетті кедейлерге беру арқылы зекет міндетін орындайды, құрбан айт күні құрбан шалу арқылы Алла Тағаланың шариғатқа енгізген міндетін орындаған болады. Бұл да құрбан айт күндері құрбан шалу, қан ағызу арқылы жүзеге аспақ. Бұл жайлы Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) «Адам баласы құрбан айт күні мал сойып,қан шығарудан басқа сүйікті іспен Алла Тағалаға жақындаған емес...» деген. Сондықтан кімде-кім бай бола тұра, құрбан айт күндері құрбан шалып, қан шығармайынша құрбан шалу міндетінен құтылмайды. Ал кедейлерге құрбан шалу міндет болмағандықтан олар ерікті. Егер кедей кісі құрбан шалса, екі амалдыда жасаған болады, біреуі құрбан шалып, қан ағызу, екіншісі шалған құрбаны садақа орнына да саналады. Ал шариғатта садақа беруге еш уақытта тыйым салынбаған, қалаған уақытында бере алады

материал «Құрбан шалу (хикметтері мен үкімдері)» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: