23
Сейсенбі,
Сәуір

һижри

Құрбандықтың етін толығымен үйде қалдыруға бола ма?

Құрбандықтың етін толығымен үйде қалдыруға бола ма?

Құрбан Айт
Жарнама

Бай болсын, кедей болсын құрбан айтта шалған құрбандығының етін жеуіне болады.

Құрбандыққа шалынған малдың етін үш бөлікке бөліп тарату - мұстахаб. Бір бөлігі - туған-туыс, көршілеріне, олар бай болса да сыйға тартылады, екінші бөлігі - кедей және мұқтаж адамдарға, үшінші бөлігі - өзінің отбасына, бала-шағасына тиесілі. Бірақ шалынған малдың етін түгелдей кедей-мұқтаждарға таратуға да болады. Егер құрбандық шалған адам аса дәулетті болмаса және жанұясында адам саны көп болса, онда құрбандықтың етін түгелдей өзінің отбасында да қалдыра алады. Құран Кәрімде құрбанның еті турасында мынандай аят бар екен: «Құрбанның етінен өздерің жеңдер әрі міскіндер мен кедейлерге жегізіңдер».

дереккөз: muftyat.kz



Бөлісу: