29
Жұма,
Наурыз

һижри

Құрбандық етін басқа дін өкілдеріне беруге бола ма?

Құрбандық етін басқа дін өкілдеріне беруге бола ма?

Құрбан Айт
Жарнама

Құрбандық етінен өзге дін иелеріне де садақа етіп беруге шариғатымызда рұқсат.

Өйткені, Алла тағала Құран Кәрімде: «Алла (Т.) дін үшін сендермен соғыспаған және жұрттарыңнан шығармағандарға жақсылық қылуларыңа, әділдік етулеріңе тыйым салмайды. Расында Алла (Т.) турашылдарды жақсы көреді», – дей келе, өзге дін иелеріне жақсылық жасауға болатындығын айтуда. Ал, құрбандық етін беру де өзгеге жасалған жақсылық болып есептеледі. Демек, оны өзге дін иелеріне берудің ешбір ағаттығы жоқ. Бұл әрекет бір шетінен сауап, екіншіден өзге діндегілердің Исламға деген жақсы көзқарастары қалыптасуына септігін тигізуі мүмкін.

Ертеректе сахабалар да құрбандық етінен өзге дін иелеріне бергендігі деректерде келтірілген. Мысалы, Тирмизидін хадис жинағында келген риуаятта Мүжәһид былай дейді: «Сахаба Абдулла ибн Амрдің үйінде бір қой құрбандыққа шалынды. Сонда Абдулла ибн Амр: «Көршіміз Яһудиге (етінен) бердіңдер ме? Көршіміз Яһудиге (етінен) бердіңдер ме? – деп сұрады да ары қарай сөзін – Мен Пайғамбарымыздың былай дегенің естідім:«Жәбрайыл маған көршіге жақсылық жасауды көп кеңес еткендігі соншалықты, көршіні де мүрагерлікке кіргізеді ме деп ойлап қалдым»,– деп өрбітті».

Ендеше, құрбандыққа шалынған малыңыздың етін көршіңіз христианға да берсеңіз, сіз үшін сауап болмақ.  

дереккөз: muftyat.kz

Бөлісу: