26
Жұма,
Сәуір

һижри

Әйелдер арасында Құран жарысы өтті (Видео)

Жаңалықтар
Жарнама

Елордамыздағы «Ырыскелді қажы» мешітінде ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігі Әйел-Қыздар секторының ұйымдастырумен әйел-қыздар арасында Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу жарысы өтті.

Сайыс үш бөлім бойынша жүргізілді. Атап айтсақ: Құранның 30-шы парасы, «Дұха» және «Нас» сүрелерінің аралығы және мәнерлеп оқу.

Жеңімпаздарға арнайы ақшалай сыйлықтар мен сертификаттар және де қасиетті  Құран  Кәрім кітабы сыйға берілді.

Нұр-Сұлтан қаласының өкіл имамы Ерболат Жүсіпов қатысушыларға өз ризашылығын білдіріп Алланың қасиеті кітабы Құран Кәрімді жаттаудың сауабы мен маңыздылығы жайында жамағатқа уағыз айтып, жеңімпаздарды марапаттады.

 

81b22080666bf6bb2a8cae626f638176.jpg

c5354e2fa590f29afd6941d545f46633.jpg

2dc762c4288f67c50c602f16be9ec5df.jpg

005142c1f08a1925a73dd2935c7d4fa6.jpg

9a80f4c09acd018fa89d9cdf81627473.jpg

c8fe41bc4c8e7b7f125c351dc11d24e6.jpg

ab2a85199c6f43dcaf5832a55f0d1dbf.jpg

39ad7a6fc501a2c24aa10495b063b115.jpg

Бөлісу: