29
Дүйсенбі,
Сәуір

һижри

«Ерекше», күтімді қажет ететін балаларға көмек көрсетілді (ВИДЕО)

«Ерекше», күтімді қажет ететін балаларға көмек көрсетілді (ВИДЕО)

Жаңалықтар
Жарнама

Бүгін «Нұр Астана» мешітінде «Мейірімділік мекені» қайырымдылық шарасы өтті. Шара барысында «ерекше» күтімді қажет ететін балаларға қамқорлық танытып отырған 7 отбасына қаржылай сый-сыяпат жасалды.


Шараға Нұр-Сұлтан қаласының өкіл имамы Ерболат Жүсіпов және «Нұр Астана» мешітінің бас имамы Нұрлан Рамазанов қатысып, келген отбасыларға ақ тілектерін айтып, демеу болды.
Ізгі шараның өтуіне атсалысқан «Сауап» белсенділер тобына арнайы алғыс айтамыз. Айта кетейік, «Сауап» белсенділер тобын бұған дейін де мешіт қабырғасында ұйымдастырылып жүрген түрлі қайырымдылық шараның ұйтқысы болып, қолдау білдіріп келеді. Мешіттің бас имамы Нұрлан Рамазанов белсенділік танытқан «Сауап» еріктілер тобының мүшелеріне алғысын білдіріп, кәсіптері мен мал-дүниесіне береке тіледі.
Бүгінгі игі шарада «ерекше» күтімді қажет ететін балалардың еміне деп берілген қаражатқа келген ата-аналары разы болып, «Сауап» тобы мүшелеріне, мешіт әкімшілігіне ризашылығын білдірді. 

Qaiyrymdylyq 1

Qaiyrymdylyq 1

Qaiyrymdylyq 1

Qaiyrymdylyq 1

Qaiyrymdylyq 1

 

Qaiyrymdylyq 1

ummet.kz

Бөлісу: