11
Сенбі,
Мамыр

һижри

Бас мүфти жеті бағыт бойынша бір айлық жұмыстың есебін тыңдады

Бас мүфти жеті бағыт бойынша бір айлық жұмыстың есебін тыңдады

Жаңалықтар
Жарнама

Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кезекті Аппарат жиналысы өтті. Күн тәртібінде жеті бағыт бойынша ақпан айында атқарылған жұмыс есебі тыңдалды.

Мәжілісте жеті бағытқа жауапты ҚМДБ бөлім меңгерушілері баяндама жасап, есеп берді. Бөлім меңгерушілерінің есебін тыңдаған Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы: «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының игі іс-шаралары мен бейнедәрістері орталықтан бөлек аудан, ауыл тұрғындарына кеңінен насихатталуы тиіс. Дінмен сабақтасқан дәстүрімізді халыққа көбірек насихаттауды, осы бағытта көбірек мақала жазуды, бейне уағыздар мен дәріс түсіруді, мешіттерде санитарлық талаптарды ескере отырып, арнайы кездесу өткізуді, қазақ халқының ұлттық ойындарын ұйымдастыру сынды шараларды қолға алуды тапсырамын. Сайып келгенде, мешіттерімізді ихсан ілімінің, дін мен дәстүрдің ошағына айналдыруымыз керек» деді.

Айта кетсек, жыл басында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы дін қызметкерлеріне бағдарламалық баяндамасын жолдаған болатын. Онда жеті бағыт бойынша жұмыстарға басымдық берілетіні айтылды. Олар – ақпарат және қоғаммен байланыс, уағыз-насихат, қайырымдылық, оқу-ағарту және кадрлық әлеует, рухани тәрбие Ихсан ілімі, дін мен дәстүр, жат діни ағымдармен жұмыс.

c5f5d785-2f04-4ae2-8aca-bfdb6017dd52.jpg3d91a2b9-5914-4ae7-acfe-200fa565a0f0.jpg

1973d7d0-f272-4879-bf81-c8832c09897a.jpg

b9061a1a-548a-45ff-89d9-04ae58b38469.jpgfa607cc1-f644-4d22-8dc1-c72258614d5d.jpg

1fbf294b-c052-4dfb-9a0c-2ff69a3e7d47.jpg

e702daa2-ebb9-4818-bb36-a88407d5af44.jpg

acbc529d-602b-465c-9e73-f0d1b5f82f14.jpg

0ff8a404-4f09-4a49-93bd-f89249d8a791.jpg

2727f723-266a-404e-9a52-d38b8d27e8b6.jpg

e7a0e6c3-705f-4fcd-93ff-d0b7a2e9edbf.jpg

8782a96e-83b5-4610-8ebd-3457c5e1d839.jpg

a49ceccd-9f04-42dd-91bf-977153fa68c4.jpg

Бөлісу: