16
Бейсенбі,
Мамыр

һижри

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай мешіт ашылды

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай мешіт ашылды

Жаңалықтар
Жарнама

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында Қызылорда облысына қарасты Ақсуат ауылдық округінде жаңа мешіт ашылды.

Салтанатты шараға Қызылорда облысының бас имамы Болатбек Абуов, Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Асқарбек Есжанов, облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов, облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев қатысып, ауыл халқын жаңа ғибадат үйінің ел игілігіне берілуімен құттықтап, демеушілік танытқан Шәрікүл Әліарыстанқызына алғыс білдірді.

Ақсуат ауылындағы «Әліарыстан ата» мешітінің ескі ғимараты өткен жылы бұзылып, орнына жаңа ғибадат үйі салынды. Шәрікүл Иманбердиеваның мұрындық болуымен заманауи үлгіде салынған жаңа мешіт ғимараты 300 адамға лайықталған. Мешітте ерлер, әйел залымен және 70 адамға арналған діни білім беру бөлімі, 300 орынды асхана бар.

8b86496f-b574-40a5-8291-32439cf5c6cf.jpg

21c3d41d-0330-4373-bfa5-b1a896b0ab08.jpg

3042a13f-2cb0-4a13-9e63-b878a1579438.jpg

9c542091-89d4-4e1b-a91e-29db507eea77.jpeg

Бөлісу: