29
Дүйсенбі,
Сәуір

һижри

Мұқтаж отбасыларға 10 тоннадан көмір түсірді

Мұқтаж отбасыларға 10 тоннадан көмір түсірді

Жаңалықтар
Жарнама

ҚМДБ Зекет және қайырымдылық қорының Өскемен аймағы өкілдігінің ұйымдастыруымен өңірде бірқатар қайырымдылық шаралары өтті.

Атап айтқанда, Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылдық «Ұранхай қажы» мешіті бірнеше мұқтаж отбасыға 10 тоннадан астам көмір түсірді. Бұл сауапты іске Ақсуат тұрғындары ерекше қуанды.

Қайырымдылық шарасы туралы Тарбағатай аудандық «Ұранхай қажы» мешітінің бас имамы Айдын Құсманұлы: «Қазіргі таңда тұрмысы төмен отбасылар отын алуға қиындықтар туындап отыр. Біз осы мәселеге барынша назар аударып, көмекке зәру отбасыларға қайырымдылық жасау ісін қолға алудамыз» деді. Қыстық отын алған отбасылар аудан мешітіне алғыс білдірді.

09ed6e47-ea0e-41b1-9480-f6f1594cf623.jpg

ed7ed1b8-5c44-4dc7-9d49-3ff01e69e203_1.jpg

Бөлісу: