17
Жұма,
Мамыр

һижри

Университет мен медресе-колледж меморандумға қол қойды

Университет мен медресе-колледж меморандумға қол қойды

Жаңалықтар
Жарнама

Нұр-Мүбарак университетіне арнайы келген Әбу Ханифа медресе-колледжінің директоры Құлмұхаммед Маханбет бастаған делегацияны ректор, профессор Мұхаммад Аш-Шаххат қабылдады.

«Алматы қаласы – жан-жақты білім алуда зор мүмкіндік мекені. Осыны біз медресе-колледж шәкірттеріне түсіндіріп бағамыз. Біздегі үлкен мүмкіндік Нұр-Мүбарак университеті деуге болады. Сондықтан еліміздегі бірегей ислами білім ордасының ғалым, ұстаздарымен жиі сұхбаттасып, дәріс өткізсек деген көптен бергі ниетіміз» деп Әбу Ханифа медресе-колледжінің директоры Құлмұхаммед Маханбет негізгі мақсаттарын алға тартты.

Сондай-ақ медресе колледждегі бірқатар ұстаздардың университет түлектері екенін айтқан Құлмұхаммед Маханбет олардың білім мен тәліміне өте жоғары баға берді. Ректор, профессор Мұхаммад Аш-Шаххат құрметті қонақтардың мақсаттарына қолдау білдіріп, өте орынды екенін айтты. «Медресе-колледж ұстаздары біздің университетте магистрлік білім бағдарламасын жалғастыруға кеңес берер едім. Біздің ғалымдар, ұстаздар сіздерге кездесу, дәрістерге барса, әрине нұр үстіне нұр» деді ректор Мұхаммад Аш-Шаххат мырза сөз барысында.

Қос тарап өзара ынтымақтастықты нығайту мақсатында меморандумға қол қойды. Енді осы келісім негізінде ақпараттық бағыттағы және білім беру саласындағы серіктестік пен ынтымақтастықты нығайту, қысқа және ұзақ мерзімді тағылымдамалар, кәсіби (оқу-өндірістік, зерттеу, диплом алдындағы, педагогикалық) практикалар ұйымдастыру, өзара қызығушылық тудыратын салаларда жоғары білімді ғылыми-педагогикалық кадрлар мен мамандарды даярлау қолға алынбақ.

Сондай-ақ оқу-әдістемелік жұмыс бойынша дәріс оқу, тәжірибе және ақпарат алмасу үшін тараптар өкілдерін шақыру секілді іс-шараларды жүзеге асады. Іс-әрекеттер сегіз бапқа негізделген. Бұл бастама ең бастысы елімізге білімді де білікті дін мамандарын даярлауда маңызы зор деген сенім мол.

1_j0aYIBz.jpg

99fcea32-43ba-44c9-a908-941d822ffd62.jpg

Бөлісу: