17
Жұма,
Мамыр

һижри

Тұтынушыларға оқу-семинар өткізілді

Тұтынушыларға оқу-семинар өткізілді

Жаңалықтар
Жарнама

«QMDB halal» оқыту және білім жетілдіру орталығында тұтынушылар мешіт жамағатының қатысуымен оқыту семинары өткізілді. Семинарды «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы, технолог мамандар Данияр Сафиев пен Арай Бақытқызы жүргізді.

Оқыту барысында шариғатымыздағы халалдың орны мен маңызы жөнінде түсіндірген Айбек Асқарбекұлы: «Алла Тағаланың ұлы сөздері қасиетті Құран Кәрімде адамзат баласына көл-көсір нығметтер беріп, жер бетіндегі халал мен харам нәрселердің ара жігін айырып көрсеткен. Алла пендесі үшін нені халал десе, ол сырда қайыр мен хикмет бар, ал нені харам десе, онда адам ғұмыры үшін ұшан-теңіз зиянның бар екендігі күмәнсіз. Осы турасында «Бақара» сүресінің 168-аятында былай деп түсіндіреді: «Әй, адамдар! Жер бетіндегі нәрселердің халал әрі тазасынан жеңдер», «Мәида» сүресінің 88-аятында: «Алланың өздеріңе халал әрі таза етіп берген ризықтарынан жеңдер» делінген», – деп халалдың салмағы мен сұрауы жөнінде мағұлмат берді.

Технолог мамандар халал өнімдер технологиясы мен стандарт талаптары, зертханалық тексерістің маңыздылығы, тағамдық қоспалардың өндірісі жөнінде бағамдады. Сонымен қатар, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.

Естеріңізге сала кетейік, биыл ҚМДБ ғимараты жанынан «QMDB halal» оқу және білім жетілдіру орталығы іске қосылған болатын. Оқу орталығында білім алуға ниет білдірген қарапайым тұтынушылардан бастап, медресе,мешіт, оқу орындары шәкірттеріне, мешіт имамдары мен ұстаздарға, сертификатталған кәсіпорын қызметкерлеріне, қасапшыларға жүйелі түрде оқу-семинар шаралары жүргізіліп тұрады.

6049a5b245424915518201.jpeg

6049a55054bd9454123742.jpeg

6049a58b2e932312675283.jpeg

6049a582e31e8385751287.jpeg

Бөлісу: