29
Дүйсенбі,
Сәуір

һижри

30 отбасыға қайырымдылық жасалды

30 отбасыға қайырымдылық жасалды

Жаңалықтар
Жарнама

ҚМДБ-ның Уағыз-насихат бөлімінің Әйел-қыздар секторы барлық мешіттер жанынан әйел-қыздар бөлімдерінің қызметін жандандыру және жетілдіруді тапсырған болатын. Осыған орай Теміртау орталық мешітіне қарасты әйел-қыздар секторы көптеген ізгі шараларды ұйымдастыруда.

Теміртау қалалық орталық мешіті Әйел-қыздар секторының ұйытқы болуымен жүзеге асқан «Қайырымдылық – қайырлы іс» шарасы барысында жергілікті әлеуметтік жағдайы төмен 30 жанұяға азық-түлік себеттері үлестірілді. Іс-шараға белгілі-бір себептермен келе алмаған жанұялардың үлесі «Sauap» орталығына қарасты еріктілердің көмегімен тұрғылықты үйлеріне дейін жеткізіліп, қолма-қол табысталды.

«Дана халқымыз «Әйел бір қолымен әлемді, екінші қолымен бесікті тербетеді» деп бекер айтпаса керек. Әйел тек отбасының ұйытқысы ғана емес, сонымен қатар, қоғамдық өмірдің өзге де салаларында белсенді бола алады. Мешітіміздің әйел-қыздар секторының ұйымдастырған бүгінгі шарасы, осы сөздеріміздің айқын дәлелі. Осындай шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады» деді Теміртау орталық мешітінің бас имамы Естай Айтуғанұлы.

5d1a8e60-a52c-4ee8-9323-bd928676ed7d.jpg

e035dfe2-faa4-479f-949d-4860e9bdb42a.jpg

7513b597-ef2e-4a64-add4-15993806a8c3.jpg

e6d31e5b-07aa-43ad-9f44-94a022541fd6.jpg

Бөлісу: