03
Жұма,
Мамыр

һижри

100 мұқтаж отбасыға көмек көрсетілді

100 мұқтаж отбасыға көмек көрсетілді

Жаңалықтар
Жарнама

Ақтау қалалық Бекет ата мешітінде кезекті қайырымдылық шарасы өтіп, 100 мұқтаж отбасыға азық-түлік таратылды.

Ақтау мешіті облыс орталығында орналасқандықтан, Алланың жердегі үйіне көмек сұрап, өтініш айтып келетіндер жетерлік. Елде карантин жарияланған күннен бері түрлі жағдаймен келетін мұқтаж тұрғындарға мешіт тарапынан тұрақты түрде қайырымдылық шаралары ұйымдастырылып келеді.

«Ислам – мейірімділік пен жақсылықтың діні. Қайырымдылық – адам баласының ең асыл қасиеттерінің бірі. Сондай-ақ бұл ҚМДБ бекіткен 7 бағытының бірі. Мұқтажы өтеліп, көмек алған жанның ризашылық сезімін көріп, алғысын алу керемет дүние. Мешіт тарапынан аз қамтылған отбасыларға алдағы уақытта да көмек жалғасады» дейді Ақтау қалалық Бекет ата мешітінің бас имамы Құрбанбек Абдалиев.

Мешіттің тізімінде материалдық көмекке зәру көпбалалы отбасылар, мүмкіндігі шектулі жандар мен жалғызбасты аналар бар. Мұқтаждарға көмек  көрсетіп, қайырымдылық шараларын ұйымдастыру – мешіт қызметінің бір бағыты.

94b8d6ce-2511-4c46-8727-9fcfbc1f2028.jpeg

7504ea43-6284-497b-af89-d198fb5aa7d7.jpeg

e12136eb-eb06-46ce-bbf2-e2dc1054c816.jpeg

Бөлісу: