28
Бейсенбі,
Наурыз

һижри

«Нұр Астана» мешіті: 500 адамға ауызашар таратты (Видео+Фото)

Жаңалықтар
Жарнама

Қасиетті Рамазан айын ерекше дайындықпен бастап кеткен «Нұр Астана» мешіті 500 адамға ауызашар таратты.

«Рамазан шуағы: Ауызашар қоржындарын тарату» шарасы аясында көп балалы және тұрмысы төмен отбасыларға, сондай-ақ ораза ұстаған елорда тұрғындарына ауызашар үлестірілді. Берекелі айда мол сауап алғысы келген демеуші азаматтарға, мешіт ұжымына қала тұрғындары зор ризашылығын білдірді.

Арнайы қорапшамен қапталған ауызашар қоржындарында екі түрлі ыстық тамақ, сусын, салат және түрлі жемістер салынған. Сонымен қатар, су мен құрма қораптары да таратылды.

Рамазан айы – жомарттық пен мейірімділік мезгілі. Бұл айда мүміндер осы сипаттарды танытуда өзара жарысады. Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өз үмметін ораза тұтушылырға қамқорлық көрсетуге ынталандырып: «Ораза тұтушыға ауызашар берген адам ол алғандай сауабқа ие болады, бірақ сонымен қоса ораза тұтушының сауабы тозаңдай нәрсеге кемімейді», - деп айтқан еді. (Ахмад 5/192, әт-Тирмизи 807).

Алла Тағала барлық жақсылық жасаушының сауабын арттырсын! Біз де өз кезегімізде демеуші азаматтар мен жанашыр жамағатқа шексіз алғысымызды білдіреміз.

Auyzashar 1

Auyzashar 1

Auyzashar 1

Auyzashar 1

Auyzashar 1

Auyzashar 1

Auyzashar 1

Auyzashar 1

Auyzashar 1

Auyzashar 1

Auyzashar 1

ummet.kz

Бөлісу: