25
Бейсенбі,
Сәуір

һижри

Қызылорда: 700 адамға «Ауызашар дәмі» таратылды

Қызылорда: 700 адамға «Ауызашар дәмі» таратылды

Жаңалықтар
Жарнама

ҚМДБ-ның Қызылорда облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен 700 адамға «Ауызашар дәмі» таратылды.

Айта кетейік, елдегі эпидахуалға байланысты ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен мешіттерде ауызашар дастарқанын дайындаудың орнына ауызашар ауқатын тарату акциясын жүзеге асырылуда

Рамазан айының құрметіне өткізілген шарада Сыр өңірінің бас имамы Болатбек Ұласқанұлы бастаған қала мешіттерінің қызметкерлері мен ерікті жамағаты қасиетті айда ауыз бекіткен аурухана мен жедел жәрдем қызметкерлеріне, темір жол мен авто вокзалдардағы жолаушыларға, автобус жүргізушілеріне және ауызашар уақытында қызмет істейтін азаматтарға, жалпы саны 700 қала тұрғынына ауызашар дәмін таратып, оразамен құттықтады.

Осыған дейін аталмыш акция аясында облыста әлеуметтік жағдайы аз қамтылған 100 отбасыға азық-түлік салынған «рамазан қоржындары» да таратылған еді.

f6c187fa-f48d-4b1d-953a-59e8b25d162a.jpeg

07e59cad-84b9-4e6a-ae89-f7dfb3846642.jpg

ac608341-30f8-4e26-988a-d954ef08ef21.jpg

Бөлісу: