16
Бейсенбі,
Мамыр

һижри

Теміртауда 371-баспана кілті табысталды

Теміртауда 371-баспана кілті табысталды

Жаңалықтар
Жарнама

Қарағанды облысы Теміртау қалалық «Әлихан Бөкейхан» атындағы орталық мешітінің ұйымдастыруымен «Ел үлесі – пәтерге» қайырымдылық жобасы аясында 371-баспананың кілтін табыстау шарасы өтті.

Осыдан біраз уақыт бұрын әлеуметтік желілерде 9 балалы отбасының өмірлік жағдайына қатысты видео тараған болатын. Осы уақытқа дейін, тағдыр тауқыметінің ащы дәмін татса да, Аллаға деген сенімін жоғалтпай, еш мойымаған жанұяның жағдайы кімді болса да алаңдатпай қоймады.

Нәтижесінде, Теміртау қаласының бас имамы Естай Айтуғанұлының бастамасымен, жергілікті жомарт жандардың, сондай-ақ халықтың көрсеткен демеушілігінің арқасында Серікбай мен Айнұр есімді көпбалалы ата-анаға 3 бөлмелі жеке баспананың кілті табыс етілді.

Қайырымдылық шарасына Теміртау қаласы әкімінің орынбасары Самат Саятұлы, ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Өмірзақ Қазкенұлы, Теміртау қаласының бас имамы Естай Айтуғанұлы және өзге де дін қызметкерлері арнайы қатысып, игі шараға ұйытқы болған халыққа алғыс айтып, бақытқа кенелген отбасыға ізгі тілектерін білдірді.

afd6fa22-ff5a-44f3-9026-e8eba86f28f2.jpeg84ba9be3-c21e-4a07-8a2d-4052169d7a8e.jpeg

c79b66b1-b0a2-44bd-9491-f9e8f46c0bf1.jpeg

Бөлісу: