29
Дүйсенбі,
Сәуір

һижри

Атырау: 15 күнде 10 мың адамға ауызашар берілді

Атырау: 15 күнде 10 мың адамға ауызашар берілді

Жаңалықтар
Жарнама

Қасиетті Рамазан айының алғашқы он бес күнінде Атырау облысының барлық мешіттерінде 10 мың адамға ауызашар үлестірілді.

Оның ішінде, бір ғана орталық «Иманғали» мешітінде Рамазан басталғалы бері 6 000 адамға «Ауызашар қоржыны» үлестірілді. Ауызашар қоржындары негізінен мешіт жамағаттарына, зиялы қауым өкілдеріне, төтенше жағдай департаменті қызметкерлеріне, медицина мамандарына, аналарға, көше тазалаушыларына таратылып жатыр.

«Ораза тұтқан кісіге бір құрма немесе бір кесе сүт берген адам да ауызашар бергендей сауапқа ие болады. Қазіргі таңда пандемия жағдайына байланысты, Атырау облысы коронавирус инфекциясының таралу жылдамдығы бойынша «қызыл аймақта» тұр. Соған байланысты мешіттерімізде тарауық оқылып жатқан жоқ. Сәйкесінше, мешіттер жанынан ауызашар үшін бұрынғыдай киіз үйлер құрылмады. Ауызашар рәсімі қашықтан ұйымдастырылып жатыр. Ауызашар беру – сүннет, сауапты іс. Бірақ адамның өмірін сақтау бізге бұйырылған міндетті амал екенін естен шығармауымыз керек» дейді Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

2dcf8b34-5879-4f7a-903f-7aa06d43b521.jpg

cd77bfba-c04e-4238-9388-187a55652e5a.jpg

38c4b727-47ee-4c0f-aff8-90b19cfd013e.jpg

Бөлісу: