28
Бейсенбі,
Наурыз

һижри

Шымкент: Бас мүфти атынан 2000 адамға ауызашар себеті үлестірілді

Шымкент: Бас мүфти атынан 2000 адамға ауызашар себеті үлестірілді

Жаңалықтар
Жарнама

Шымкент қаласында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының атынан ораза ұстаған тұрғындарға «Ауызашар себеті» үлестірілді. 

Игі іс-шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов, наиб имамдар Мұхамеджан Естеміров пен Мұсабек Ақтамберді, іс басқарушы Азамат Әбідкерімұлы, Абай аудандық мешіттің имамы Бердалы Жәміш, Әл-Фараби ауданыдық мешіттің имамы Ахметжан Керімбек, Еңбекші аудандық мешіттің имамы Берік Қалдаров, Қаратау аудандық мешіттің имамы Дастан Желеуов т.б. мешіт имамдары мен ерікті топ мүшелері қатысты.

Дәстүрлі шара барысында Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов: «Елдегі карантиндік талаптарға сәйкес, ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің және  Шымкент қаласының бас мемлекеттік  санитариялық дәрігердің қаулысына  орай, дәстүрлі түрде өтетін ауызашар дастарханы орнына азық-түлік түрінде мұқтаж және көпбалалы отбасыларға және ораза ұстазаған азаматтарға үлестіріліп жатыр. 

Игі іс-шара қалалық «Ақмешіт», «А.Қаттани», «Қождан ата», «Торлан», «Байғұт баба», «Бойыт ата», «Сейіткәрім қажы», «Аңламас ата», «Шәкірбай қажы», «Шейх Мұхамед Садық», «Ар-Рақиб», «Әл-Біләл», «Тәжібай ата», «Елтай», «Әл-Муслим», «Елтай», «Әкбар қажы Шәкірбай» мешіттерінде  ауызашар ас мәзірі әзірленіп,   2000 отбасыға ауызашар себеті үлестірілді», - деді.  

Өз кезегінде, жергілікті тұрғындар Бас мүфтиге алғыстарын айтып, елдің амандығы мен тыныштығына дұға етіп, дән ризашылықтарын білдірді.

530910d1-005a-4e06-b483-30eabd83a34b.jpg

a279258a-50db-433e-b94b-e09c87ed4087.jpg

af163fb5-e8fb-4768-8954-6258ae274594.jpeg

ca7f64e3-aa5b-4f30-a785-530d8777ae1e.jpeg

baa9e96f-6cd2-44e7-87d3-39baf449a988.jpeg

 

Бөлісу: