29
Жұма,
Наурыз

һижри

Шымкент: 6 кәсіпкерге «Халал Даму» сертификаты берілді

Шымкент: 6 кәсіпкерге «Халал Даму» сертификаты берілді

Жаңалықтар
Жарнама

Шымкент қалалық орталық мешітінде «Халал Даму» ЖШС-ның Шымкент қаласындағы өкілдігінің ұйытқы болуымен «Халал тағам: адал мен күмән арасы» атты іс-шара өтті.

Басқосуға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы және «Халал Дамудың» Шымкент қаласындағы бақылаушысы Қазыбек Сарыбаев қатысып, кәсіпкерлердің жұмысына табыс тіледі.

Іс-шара барысында Бақдәулет Нұрматұлы Шымкент қаласы мен Түркістан облысына қарасты 6 кәсіпкерге ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС-ның сертификатын табыс етті.  Атап айтқанда, Түркістан облысы Сарыағаш қаласындағы «Chak-Chak» дәмханасы, «Taza_Brand» тұшпара цехы, «Нарлен» жұмыртқа цехы, Шымкент қаласындағы «Ali Doner Kebab» фаст-фуд өндірісі, «Құрма» және  «Мейман» халал дәмханалары ие болды.

Сонымен қатар басқосуға тәжірибе алмасу мақсатында бұрын ҚМДБ «Халал Даму» сертификатын алған, бүгінде жемісті еңбек етіп, табыс тауып жүрген «Жасур» ЖШС мен «Нұр-Дәулет» ЖШС шұжық өндірісінің басшылығы да қатысты. 

Жиын соңында Қазыбек Сұлтанбекұлы халал өндірісінің маңыздылығы мен түрлі қоспалар туралы дәріс оқыды. 

4f4162a0-36b7-4af7-b2f9-0df705c5a14a.jpg

240158cc-a07f-442b-9f8f-5ea3f3bbf894.jpg

60cd99f0-64b5-44a5-b574-87d40d345424.jpg

b4e9488d-dcef-4c89-b78b-a2f59be8c0c2.jpg

3a570f15-2194-4c69-87e5-e56c930e774b.jpg

Бөлісу: