20
Сенбі,
Сәуір

һижри

ҚМДБ төрағасы Қырғызстанның дін басшысымен сөйлесті

ҚМДБ төрағасы Қырғызстанның дін басшысымен сөйлесті

Жаңалықтар
Жарнама

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қырғызтан бас мүфтиінің міндетін атқарушы Жоробай ажы Шергазыевпен телефон арқылы сөйлесті.

Бас мүфти Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында болған шиеленісті жағдайға өзінің және Қазақстан мұсылмандарының алаңдаушылық білдіріп, дұғада болғанын айтты. Қырғызстан мен Қазақстанның бағзыдан қаймағы бұзылмаған тату көрші екенін алға тартып, қасиетті Рамазан айында жұртшылықты бірлікке шақырудың маңыздылығына тоқталды.

Наурызбай қажы Тағанұлы Жоробай ажы Шергазыевті Атлах шайқасының 1270 жылдығына орай өтетін халықаралық онлайн конференцияның құрметті қонағы болуға шақырды.

muftyat.kz

Бөлісу: