07
Сейсенбі,
Мамыр

һижри

Аймақтық Құран жарысы өтті

Аймақтық Құран жарысы өтті

Жаңалықтар
Жарнама

ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі қасиетті Рамазан айының құрметіне мешіт жамағаты арасында «Рамазан – Құран айы» атты аймақтық Құран жарысын өткізді.

Тағылымды жарысқа өңірден 30-ға жауық мешіт жамағаты қатысты. Сайыс Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде өтті. Іс-шара барысында карантин талаптары қатаң сақталды. Байқауға мешіттің имамдары қазылық жасады.

Сайысқа қатысушы мешіт жамағаты Құранды жүзінен оқу, жатқа оқу қатарлы талаптар бойынша сынға түсті. Қатысушылар қасиетті Құранды бар нақышымен оқып, өздерінің осы сайысқа аса тыңғылықты дайындалғандықтарын көрсетті.

«Бұл сайыс Құран оқудың шеберлерін анықтаған жоғарғы деңгейлі бәсеке болды. Сайысқа жамағаттар аса ынталы қатысты. Арнайы келіп, құрметті Құранды құрметтеп, бар ынта-жігерін сайысқа арнаған жамағаттарға алғыс білдіреміз» дейді «Халифа Алтай» мешітінің іс басқарушысы Берік Кәдірұлы. 

Сайыс қорытындысы бойынша жатқа оқудан 1-орынға Сәбит Сүлейменов және жүзінен оқудан Серік Керуенов 1-орынға ие болды. Өңірдің «Зекет және қайырымдылық» қорының қолдауымен жеңімпаздарға тағайындалған ақшалай сыйлықтарды Өскемен аймағының пәтуа және оқу-ағарту бөлімінің жауапты имамы Қанат Дауылбаев табыс етті. Басқа да жеңімпаздар марапат және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Сайыстың соңынан Құран хатым оқылып, елдің амандығы үшін, індеттен арылуға тілек тілеп дұға жасалды.

a1d24226-3332-44cb-b2a0-c7fc5ff462b2.jpg

c00b6063-800e-4333-a7e3-d0df87118d34.jpg303a9fb4-35db-4fd0-96ce-90c915749cc5.jpg093ed1e7-9a37-4050-b93d-c9f1569d9486.jpg

Бөлісу: