09
Бейсенбі,
Мамыр

һижри

Өскемен мешіттері Риддер тұрғындарына көмектесті

Өскемен мешіттері Риддер тұрғындарына көмектесті

Жаңалықтар
Жарнама

10 мамыр күні Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының Лесхоз кентінде орман өрті шығып, 1 адам қаза тауып, 35 баспана және бірнеше шаруашылық ғимараты өртеніп, бірталай зиян келген еді. Қазіргі уақытта өрт зардаптарын арылту, үйсіз қалғандарды баспанамен қамту ісі облыс әкімдігі тарапынан қолға алынып жатыр.

Осы төтенше оқиғаға байланысты ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының арнайы тапсырмасымен Өскемен аймағының бас имамы Ермек Қасболатұлы Риддер қаласына барып, мешіт тарапынан көмек көрсетілетіндігін хабарлаған болатын.

Ермек Қасболатұлы: «Риддердегі қиыншылық бәрімізге ортақ. Өрт – тілсіз жау. Орасан зиян келгені де белгілі. Біз Риддер халқымен біргеміз, қолдан келгенше көмек көрсету үстіндеміз» деп атап өтті.

Бас имам сонымен қатар Риддер қаласы және аудан имамдарымен жиын өткізіп, зардап шеккендерге көмек көрсету жағын талқылап, нақты іс-жоспарын жасаған болатын. Қазіргі уақытта Өскемен аймағы өкілдігі «Зекет және қайырымдылық қорының» бастамасымен облыстық және аудандық, қалалық мешіттер бірлесіп Риддердегі зардап шеккендерге 2 тоннадан астам азық-түлікпен киім-кешектің қайырымдылығын табыс етті.

Қазіргі таңда«Халифа Алтай» мешітінен және аудан қала мешіттерінен зардап шеккендерге көмек қабылдау орталығын іске қосылып, көмекті қабылдап жатыр.

Бас имамның қатысуымен Риддерде құрбан шалынып, елдің амандығы үшін дұға жасалды.

753e882b-ee8c-482a-88e4-678cf19ba6a7.jpg

b6c56945-e23a-4484-b2d0-2c40de05cb73.jpg

1c4b0ee4-e3b3-4994-993d-cb789a57f6aa.jpg

Бөлісу: