10
Жұма,
Мамыр

һижри

Қызылорда: мұқтаж отбасына баспана берілді

Қызылорда: мұқтаж отбасына баспана берілді

Жаңалықтар
Жарнама

Қызылорда облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы Қармақшы ауданына арнайы іссапармен барды.

Сапар барысында бас имам жыраулар өлкесінде ұйымдастырылған қайырымдылық іс-шараларына қатысты.

Нақтырақ айтар болсақ, өңірдегі алты бала тәрбиелеп отырған мүмкіндігі шектеулі ерлі-зайыптыларға жаңа пәтер кілтін табыстап, қуанышты сәтіне куә болды. ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының республикалық «Ел үлесі пәтерге» жобасы бойынша 388-баспана қармақшылық жанұяға бұйырды.

Бұдан кейін бас имам үйі өртеніп, қиындыққа ұшыраған екі отбасыға 100 000тг көлеміндегі қаржылай көмек пен 50 отбасыға азық-түлік қоржындарын табыстады.

Шара соңында Болатбек Ұласқанұлы Қармақшыдағы қайырымды істердің жүзеге асуына үлес қосқан жергілікті жанашыр азаматтар мен 1991 жылы туған Тәуелсіздік құрдастарына алғыс білдірді.

1c9181c4-c5df-47db-ad9c-944e28be3d80.jpeg69bf658f-d30a-4fc6-b0be-30e6f62d4198.jpeg

Бөлісу: