05
Жексенбі,
Мамыр

һижри

«QMDB halal»: Елімізде алғаш рет күркетауық фабрикасы тексерілді

«QMDB halal»: Елімізде алғаш рет күркетауық фабрикасы тексерілді

Жаңалықтар
Жарнама

«QMDB halal» сертификатын алған алғашқы күркетауық фабрикасы «TURKЕY PVL» кәсіпорнында кезекті аудит жұмыстары жүргізілді.

Павлодар облысы Шақат ауылында  орналасқан құс фабрикасында өткен бақылау-қадағалау шараларын «Халал Дамудың» технологы, ветеринарлық санитария ісінің маманы Данияр Сафиев орындады.

«TURKЕY PVL» – Діни басқармадан сертификаттаудан өткен алғашқы күркетауық фабрикасы. Күркетауық өндірісі – құс шаруашылығының ішіндегі ең күрделісі. Сондықтан да сертификаттау екі айдай мерзімге созылды. Азығы сапалы болмаса, шығынға бату лезде. Халал стандартына сай болуы үшін сапалы азықтан бөлек, таза, шариғатқа сай жем-азықпен қоректендірілуі керек. Өсіру кезеңінен бастап бауыздалуы, өңдеу, сақтау, тасымалдау секілді құс етін өңдірудің барлық кезеңдерінің стандартқа сәйкестігіне көңіл бөлеміз. Күркетауық 70 күнге толғанда қораз не мекиен екенін ажыратуға болады. 130 күнде олар қасапханаға жөнелтіледі. Әрқайсысының салмағы бабына келгенде 20-25 келі тартады.  Қазіргі таңда, құс фабрикасы жылына 8 мың тонна құс етін өндіріп, Павлодар өңірін құс етімен толықтай қамтамасыз ете алады. «QMDB halal» кәсіпорындар тізіміне күркетауық өнімдерінің қосылуы тұтынушыларды ғана емес бізді де қуантты. Тексеріс нәтижесі – оң. Құс фабриканың өндірісі мен қызметі «Халал Даму» мамандары бекіткен талаптарға толықтай сай» деп сапардың сәтті болғанын екендігін жеткізді Д.Сафиев.

«QMDB halal» таңбасымен шығарылатын «TURKЕY PVL» күркетауық өнімдерін Павлодар қаласындағы ірі сауда орындарынан таба аласыз.

9a6113f0-022c-4cd1-8084-5ebc0a07d3f9.jpeg

9bacf5c7-5f5e-4cbe-8ec7-df788e20ebc7.jpeg

Бөлісу: