13
Дүйсенбі,
Мамыр

һижри

Алматыда өткен Құран байқауының жеңімпазы анықталды

Алматыда өткен Құран байқауының жеңімпазы анықталды

Жаңалықтар
Жарнама

л Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Алматы қаласы өкілдігі және «Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Гүлжан Төлегенқызы» атындағы Құранды жатқа оқудан ұлдар мен қыздар арасындағы қалалық байқау өтті. 

Сайыстың шымылдығы Қуаныш қари Нұрланұлының Құран оқуымен ашылды. Батасын Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқай жасады. 

Жүргізуші Қасым Ашимов қалалық Құран байқауын салтанатты түрде ашып беру үшін құттықтау сөзді Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқай мен «Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қорының басшысы Қасым Қасабекке ұсынды. 

Бас имам, ең алдымен, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының ыстық сәлемін жеткізіп, игі шараның басталуымен құттықтады. Алла Тағаланың кәләмі – Құранды ұлықтауға арналған Құран байқауының маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ, қасиетті Құранның ұлықтығын айтып, Құран мен қариларға жағдай жасаған жомарат жандар мен «Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қорына алғыс білдірді.  

«Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қорының басшысы Қасым Қасабек еліміздің ертеңі болған жеткіншектер мен Алланың сөзін көкірегіне қаттаған қариларға ризашылығын білдіріп, барша үміткерге сәттілік тіледі. 

Қазылар алқасының төрағасы Ерсін қари Әміре байқау шарттарымен арнайы таныстырды. Қарилар қоржындағы сандармен белгіленген асықтарды алу арқылы Құран оқу кезектерін анықтады. Сөйтіп, қарилар кезекпен Құранды жатқа оқыды.  

Үміткерлердің Құран оқудағы қағидаларды дұрыс сақтауын жан-жақты қадағалау мақсатында Алматы қалалық «Төле би» мешітінің бас имамы Ерсін Әміре, «Байкен» мешітінің бас имамы Данияр Жұмабаев, «Ақсай» мешітінің бас имамы Бахтияр Қасымалиев, «Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қорының қызметкері Айбар Кеңесбек және «Дархан» мешітінің ұстазы Мансур Инаятулла секілді көпшілікке белгілі қарилар байқауға қазылық етті. 

Естеріңізге сала кетсек, қалалық Құран байқауға 86 қари қатысуға өтініш білдіріп, 18 мамырдағы Іріктеу сайысында өзара бақ сынаған-ды. Солардың ішінен 40 қари ақтық сайысқа жолдама алды. 

Алматы Орталық мешітінде өткен жеңімпаз қариларды марапаттау кешіне «Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қорының басшысы Қасым Қасабек, Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқай, Нұр-Мүбарак мешітінің бас имамы Қайрат Жолдыбайұлы, Нұр-Мүбарак университетінің ұстазы Ризабек Батталұлы, Алматы қаласы Дін істері басқармасының басшысы Нұрлан Кикимов, Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығының директоры, ақын Бауыржан Халиолла, Алматы облысының бас имамы Қуаныш Наржанов, Ерсін қари Әміре бастаған қазылар алқасы және мешіттің дін қызметкерлері қатысты. 

Жеңімпаз қариларды марапаттаудан алдын Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқай осындай игі шараның өтуіне мұрындық болып, қаржылай қолдау көрсетіп, демеушілік еткен «Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қорының басшысы Қасым Қасабекке және марқұм Гүлжан Төлегенқызы анамыздың ұлы Нұрбол Болатұлына Алғыс хат табыстады. Сосын қалалық Құран байқауына қатысқан қариларды күні бойы тыңдап, бағалап отырған қазыларға да алғыс хат берілді. 

Содан елімізге танымал дін және қоғам қайраткерлері өз қолдарымен жарыста орын алмаған әрбір қариға ынталанданыру сыйлығы ретінде 50 000 теңгеден берсе, ал жеңімпаздарға қомақты қаржылай сыйлықтар табыстады. 

Соның ішінде «Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қорының басшысы Қасым Қасабек толық Құранды жатқа оқу бойынша жеңіс тұғырынан көрінген Сұлтанбай Назарға автокөліктің кілтін тарту етті.

Құран байқауының жүлдегерлері төмендегідей марапаттарға ие болды:

15 қари қатысқан Толық Құранды (30 пара) жатқа оқу бойынша:

- Бас жүлде – Сұлтанбай Назар

- І орын – Иманәлі Бейбітұлы 

- ІІ орын – Абдулхаким Агзамханұлы 

- ІІІ орын – Алибек Жанодилулы

15 қари қатысқан Құранның 15 парасын жатқа оқу бойынша:

- І орын – Раушан Хабиболла 

- ІІ орын – Ахмадходжа Саивалиұлы 

- ІІІ орын – Акмал Давранбекұлы

10 қари қатысқан Құранның 10 парасын жатқа оқу бойынша:

- І орын – Жәнел Серікқызы 

- ІІ орын – Құлмаханбет Асылайым  

- ІІІ орын – Фатима Абулқасымқызы 

Шара соңында Нұр-Мүбарак мешітінің бас имамы Қайрат Жолдыбайұлы мен Алматы қаласы Дін істері басқармасының басшысы Нұрлан Кикимов Құран байқауына жоғары баға беріп, Құран мен қариларға құрмет көрсеткендерге Алланың ризашылығын тіледі. 

04-.jpg

01.jpg

03-.jpg

03.jpg08.jpg

11.jpg17.jpg

19.jpg

Бөлісу: