15
Сәрсенбі,
Мамыр

һижри

Маңғыстау: Ауыл имамына үй берілді

Маңғыстау: Ауыл имамына үй берілді

Жаңалықтар
Жарнама

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Маңғыстау облысындағы өкілдігінің ұйымдастыруымен «Ел үлесі – пәтерге» жобасының 404-баспанасы Бейнеу ауданы, Боранқұл ауылының имамы Құрбан Әділұлына бұйырды.

Күндердің сұлтаны болған жұма күні жүзеге асқан іс-шара барысында Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы, жұма намазына жиналған жамағаттың алдында Құрбан имамға үй кілтін табыстады.

«Бұл игі шара бас муфти Наурызбай қажы Тағанұлының дін қызметкерлеріне қолдау көрсету бастамасы аясында, сондай-ақ ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. «Жылқы ішінде жүйрік көп, қазанаты бір бөлек, Ел ішінде жігіт көп, азаматы бір бөлек» демекші, кезекті имамның баспаналы болуына демеуші болған Иса Ыбырайымұлы секілді азаматқа зор алғысымызды білдіреміз», деді Әнуар Ізімбайұлы.

Өңірдегі көптеген мешіт-медресе құрылыстарына, сондай-ақ жағдайы төмен отбасыларға қарайласып жүрген Иса Ыбырайымұлы:

«Сіздер дін жолында аянбай еңбек етіңіздер, біздер сіздерге қызмет етейік. Алла отбасыларыңызға жар болып, амандық нәсіп етсін», деп Құрбан имамға ақжарма тілегін білдірді.

a6500dfa-7ba7-4510-8ee5-ec7bf961e699.jpg

eb4fd75f-5c19-43fa-8209-524bac7d73d1.jpg33c1d364-5e4d-464f-9363-b7d23aa38ba4.jpg

1130bf63-3bac-430f-b6c2-e224df6c0eea.jpg

Бөлісу: