05
Жексенбі,
Мамыр

һижри

БҚО: Мешіт жамағаты білім сайысына қатысты

БҚО: Мешіт жамағаты білім сайысына қатысты

Жаңалықтар
Жарнама

Мұхаммед-Ғариф Түлбаев атындағы Орал қалалық мешітінде адамзаттың асыл тәжі ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірін жатқа айтудан білім сайысы өтті.

Сайысты аталған мешіттің бас имамы Қажымұқан Ғилманов пен наиб имам Бағдат Русланұлы ұйымдастырды. Алдымен Қажымұқан Елтайұлы сөз алып, ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өнегелі өмірінен сыр шертсе, Руслан Шақаев білім сайысына қатысушыларға сәттілік тілеп, білімін бағалайтын төрешілерді таныстырды.

Мешіт жамағаты білім сайысына тыңғылықты дайындалып, қойылған сауалдарға толық жауап беріп, білім сайысын қыздыра түсті.

Шара соңында жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен арнайы дипломдар табысталды.

1_6GdmLmL.jpg

29226822-3366-4d67-a051-dbfe032cb10d.jpg

193ae7da-233c-44cb-89e6-cd98126cdc74.jpg

Бөлісу: