02
Бейсенбі,
Мамыр

һижри

Атырау: Абай атындағы мешіт ашылды

Атырау: Абай атындағы мешіт ашылды

Жаңалықтар
Жарнама

Атырау облысы жаңа мешітпен толықты. Аймақтың бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Қызылқоға ауданының Қоныстану ауылына арнайы барып, Абай Құнанбайұлы атындағы мешіттің ашылу рәсіміне қатысты.

200 орындық мешітте Құран оқу және намаз залдары, қызметкерлер бөлмесі бар.

«Мешітімізге даңқты Абай Құнанбайұлының атын берудегі мақсатымыз – Қоныстану ауылынан Абайдай дара, дана ұрпақ өсіп шықсын деген ниет. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мерейлі датасы құрметіне мешіттерге халқымыздың дара тұлғаларының есімін беру үрдісі басталғанын да атап өткеніміз жөн. Және мешіт атауы арқылы жас ұрпақ тарихи тұлға туралы кеңірек білуге, тануға ұмтылады деген үміт те бар» дейді А.Ұтысханұлы.

Жергілікті тұрғындардың және демеушілердің қолдауымен тұрғызылған мешіт жанынан заманауи дәретхана пайдалануға берілді. Ендігі жерде имам үйін және асхана салу жоспарда бар.

Атап өтерлігі, мешіттің ашылу рәсіміне жергілікті жұртшылық, ақсақалдар, зиялы қауым өкілдері қатысты.

Еске сала кетелік, қазіргі таңда Атырау облысы бойынша мешіттер саны 35-ке толығып отыр.

img-20210525-wa0120-1024x682.jpg

img-20210525-wa0123-1024x682.jpg

img-20210525-wa0114-1024x682.jpg

Бөлісу: