28
Жексенбі,
Сәуір

һижри

Ақтөбе: «Тәпсірлердің таңдаулысы» кітабы таныстырылды

Ақтөбе: «Тәпсірлердің таңдаулысы» кітабы таныстырылды

Жаңалықтар
Жарнама

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен елімізде алғашқы толық Құран тәпсірі қазақ-орыс тілдерінде қалың оқырманға жол тартты.

Жақында дүниеден өткен марқұм ғалым, имам Мұхаммед Әли ас-Сабунидің «Сафуат әт-Тәфәсир» атты еңбегі «Тәпсірлердің таңдаулысы» деген атпен қазақ-орыс тілдеріне аударылып, «Муфтият» баспасында жарық көрген болатын.

Тұсауы кесілген Құран тәпсірін Ақтөбе облысының Бас имамы Төлеби Оспан Ақтөбе жұртшылығына кеңінен таныстырды.

Алдымен қасиетті жұма күні жұма намазы мен құптан намазын оқу үшін Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітіне жиналған жамағатқа таныстырып, құнды ғылыми еңбек авторының өмірбаянын айтып берді. Сонымен қатар Алланың сөздері тәпсірленген аудармадағы кейбір аяттардың тәпсіріне тоқталды.

Кейін Бас имам С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасына арнайы барып, «Тәпсірлердің таңдаулысы» атты 4 томдық еңбектің орыс тіліне аударылған нұсқасын және басқа да діни әдебиеттерді кітапхана қорына табыстады. Тәпсір кітабының кітапхана төрінде тұру керектігінің маңыздылығын айтып, еңбектің құндылығын қысқаша баяндап өтті.

Аталмыш еңбек Ақтөбе облысында мешіттер, кітапханалар және әлеуметтік желілер арқылы насихатталуда.

8f39b276-93f7-4463-b4e3-8cee07b912ae.jpeg

e5db0b63-b24c-46a1-9169-2d0a37188132.jpg

8be2cac2-6a3a-4167-932e-2c61a21eb861.jpeg

9831efb9-f22d-4904-91a6-56169223e4e5.jpeg

ab7b0f9e-be37-4a8d-8f58-217ac16e42af.jpeg

Бөлісу: