12
Жексенбі,
Мамыр

һижри

Түркістан: Мектеп түлектері мұқтаж отбасыға үй сыйлады

Түркістан: Мектеп түлектері мұқтаж отбасыға үй сыйлады

Жаңалықтар
Жарнама

Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Шаян ауылдық көпсалалы мектеп-лицейінің 2001 жылғы түлектері мұқтаж отбасыға баспана сыйлады.

Үш бөлмелі 408-үй «Зекет және қайырымдылық» қорының «Ел үлесі – пәтерге» акциясымен берілген 408-баспана Ғани Науқанбайұлының жанұясына бұйырды. Үш баласы бар, денсаулығы жоқ мұқтаж әкеге бірнеше жылдан бері әркімнің пәтерін паналап келген.

«Мұндай отбасылар зекет қаржысын бөлісуге әбден лайық. Үш бөлмелі үйдің иелеріне «құтты болсын» айтып келіп отырмыз. Қоныс берекелі болғай!» дейді зиялы қауым өкілдері.

Мектеп мұғалімдері бұл аудан бойынша 20 жылдық түлектер арасында атқарылған алғашқы ауқымды іс деп бағаласа, аудан имамы Еркін Полатов демеушілерге ризашылығын білдірді.

88b29b91-d169-40ac-96c2-d7d7ab5f4350.jpg

Бөлісу: