14
Сейсенбі,
Мамыр

һижри

ҚМДБ төрағасы «QMDB HALAL» өнімдер жәрмеңкесіне қатысты

ҚМДБ төрағасы «QMDB HALAL» өнімдер жәрмеңкесіне қатысты

Жаңалықтар
Жарнама

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы қаласында өтіп жатқан «QMDB HALAL» өнімдер жәрмеңкесіне қатысты.

Жәрмеңкенің ашылу салтанатында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы: «Алла Тағала Құранда адал ас ішіп, адал табыс табуды бұйырған. Ислам дінін ұстанған біздің ата-бабаларымыз астың адалдығына мән берген. Біз бабалар жолын жалғастыру мақсатында ҚМДБ жанынан халал өнімдерді стандарттайтын арнайы орталық ашып, адал асты халыққа насихаттап келеміз. Халал деген ұғым тек асқа қатысты қабылданбауы тиіс. Халал ұғымы өміріміздің басты тірегіне айналуы керек» деп атап өтті.

Алматы қаласы Орталық мешіті ауласында ұйымдастырылған жәрмеңкеде ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС-нен өткен 50 кәсіпорын өздерінің өнімдерін халыққа ұсынды.

Жәрмеңкеде Алматы, Жамбыл облыстарының, Алматы қаласының кәсіпорындары сүт, ет, шұжық, балық, мұздатылған жартылай дайын өнімдерін көрмеге қойды.

Бас мүфти отандық ең үздік халал кәсіпорындарын алғыс хатпен марапаттап, ізгі ниетін жеткізді. Сонымен қатар «Халал Даму» ЖШС қызметкерлерін мерекелік медальмен марапаттады.

799ac0ca-4c83-4954-a528-a25058f15039.jpg

1ea79f61-423c-491a-8ba8-7ab4fd4f640b.jpg

22fde167-f2b5-461c-b6b2-4f86019570b1.jpg

3987b364-8a2b-42f5-b72c-057b80536d34.jpg

97983477-5a0e-4e10-9ac0-697b7dd94e4e.jpg

d09c5b96-f85f-49a2-80b8-a9ebf42b060a.jpg

4a6a0dac-af20-4f59-8422-b9f28d9b763e.jpg

Бөлісу: