29
Дүйсенбі,
Сәуір

һижри

Бас мүфти Алматыда Ғұламалар кеңесінің кезекті жиынын өткізді

Бас мүфти Алматыда Ғұламалар кеңесінің кезекті жиынын өткізді

Жаңалықтар
Жарнама

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы қаласында Ғұламалар кеңесінің кезекті жиынын өткізді. Кеңес жұмысына Ғұламалар кеңесінің Алматы қаласындағы мүшелері қатысты.

Бас мүфти діни саладағы өзекті тақырыптар мен пәтуа шығаруды қажет ететін мәселелерге белсенді атсалысып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұтанымын білдіретін құжаттарды әзірлеу ісіне үлес қосып келе жатқан ғалымдарға айрықша алғысын білдірді.

«Аллаға шүкір, елімізде Ғұламалар кеңесінің қоғам алдындағы міндеті мен рөлі артып келеді. Мұсылман жамағаты діни мәселеде Діни басқарманың пәтуасын басшылыққа алуда. Бұл – үлкен жетістік әрі бірлігіміздің белгісі дер едім. Бұл – сіздердің табанды еңбектеріңіз бен белсенді қызметтеріңіздің жемісі.Сіздерге тағы да айрықша алғысымды білдіріп, ілтипатымды жеткіземін. Алла разы болсын!» деді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Кеңес жұмысында Діни басқармаға келіп түскен бірқатар сұрақтар қаралып, пәтуа қабылдауды қажет ететін мәселелер талқыланды.

8e16f070-2f63-41d3-89e5-3e8c68d1e94b.jpeg

WhatsApp_Image_2021-05-28_at_10.55.53.jpeg

aacc2627-de4c-46de-bb13-eb4d288cc5ea.jpeg

76b02776-52fb-4a01-94a7-87830be9adbc.jpeg

Бөлісу: