27
Сейсенбі,
Шілде

һижри

Шымкент: Ихсан ілімі жайлы конференция өтті

Шымкент: Ихсан ілімі жайлы конференция өтті

Жаңалықтар
Жарнама

ҚМДБ Шымкент қалалық өкілдігі Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен республикалық мешіт және медресе ұстаздарына арналған «Ихсан ілімі – тәрбие көзі» рухани-танымдық конференциясы өтті.

Конференцияға Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет Нұрматұлы, наиб имам Мұхамеджан Естеміров, ҚМДБ Әйел-қыздар секторының меңгерушісі Ақбөпе Тілегенова, Нұр-Мүбарак университетінің ұстазы, PhD доктор, профессор Шамшат Әділбаева, Әйел-қыздар секторының Шымкент, Нұр-Сұлтан, Өскемен қалаларындағы жетекшілері Балжан Досжанова, Динара Нұрғалиева, Талшын Зарқымқызы, педагог-психолог Қалбибі Ермұратова және мешіт ұстаздары Жазира Иманалиева, Мариям Өтембай қатысып, баяндама оқып, өз өңіріндегі атқарылған жұмыстар жайлы тәжірибе бөлісті.

Онлайн және офлайн түрде ұйымдастырылған шара барысында Әйел-қыздар секторының Шымкент қаласындағы жетекшісі Балжан Асылханқызы қала бойынша атқарылған жұмыстарды баян етті.

Айта кетсек, игі шара ҚМДБ қолдауымен республикалық деңгейде онлайн түрде көрсетілді. Конференция соңында барлық қатысушыларға арнайы сертификат табысталды.

937623b0-4057-4754-9f6f-3b671a772c66.jpg

c865793c-bed2-4067-87b5-be16cf48a31b.jpg

68f90d6f-46c8-4a4e-9480-5ee8e03c1485.jpg

b441d0c5-78db-4f15-a67d-1be2443e40ba.jpg

Бөлісу: